Жарнама
Қоғам

ӨМІРІН ҮЛГІ ТҰТАМЫЗ

 

Жақында ғана облыстық «Атырау» газетінде жарық көрген ірілі-ұсақты жарияланымдарға зер салсақ, заманында еліне тұтқа, халқына қамқор бола білген осы бір ғибратты ғұмыр иесінің тағылымды тұстарына қаныға түсесің. Облысты басқарған жылдары ол қай саланың болмасын өркендеп дамуына, елдің әлеуметтік ахуалының жақсарып, әлеуетінің көтерілуіне көңіл бөлгенін, соның ішінде өңір экономикасының жетекші саласы – ауыл шаруашылығын да назардан тыс қалдырмағанын көреміз. Әсіресе, жастардың осындағы сан-салалы, науқанды жұмыстарға белсенді араласуын қадағалап, олардың өз кәсібінің қыр-сырын жетік меңгеріп, өз ісін шын сүйетін білікті маман ретінде қалыптасуына әкелік қамқорлық танытқанын байқаймыз.

Бүгіндері мен де Атырау аграрлық-техникалық колледжінде оқимын,болашақ ауыл шаруашылығы маманымын. Өзім оқу үздігімін. Қоғамдық жұмыстардың да бел ортасында жүремін. Көрген-білгенім мен ойға түйгенімді қағаз бетіне түсіріп, жазуға да машығым бар. Келешекте ардақты аталар мен ағалар салған сара жолды лайықты жалғастыру менің және замандастарымның перзенттік парызымыз деп санаймын.

Рысгүл ТӨРЕМҰРАТ,

Атырау агротехникалық колледжінің студенті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button