ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ ВЛАДИМИР СМИРНОВ «КСЕЛЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ
Өзінің тағайындалуы туралы Владимир Смирнов былай деді: ««Кселл» компаниясының ары қарай дамуы мен қалыптасуына және оның еліміздегі телекоммуникация саласындағы алдыңғы қатардағы орнын күшейтуге бағытталған стратегиялық мақсаттарына жеткізу үшін өз үлесімді қуана қосамын».
Смирнов мырзаның сайлануымен «Кселл» компаниясының директорлар Кеңесіндегі тәуелсіз директорлар саны басқарма Төрағасы Ян Эрик Рудберг және Уильям Х.Р Эйлуордпен бірге үшке жетеді. Владимир Смирнов «Кселл» компаниясындағы өзінің міндеттерін Ресей мен Орталық Азия бойынша Scania Group-тің аға кеңесшісі атқарымдарымен қоса орындайды.
«Біз Владимир Смирнов мырзаның директорлар Кеңесінің қатарына қосылғанына қуаныштымыз, оның білімі мен әртүрлі салалардағы және бизнес пен басқаруды қоса алғандағы тәжірибесі, жемісті қарым-қатынастың негізін қалайды деп сенім білдіріп отырмыз. Владимирдің сайлануы директорлар Кеңесінің құрамына бірталай өзгерістер әкеледі, оның нәтижесінде тәуелсіз директорлар жалпы алғандағы директорлар санының тең жартысын құрайтын болады. Сонымен біз тәуелсіз директорлар санына қатысты ең кем нормативтер талаптарынан асыратын боламыз. Бұл «Кселл» АҚ-ның корпоративтік басқаруын күшейтетін келесі қадамымыз» деп «Кселл» АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы Ян Эрик Рудберг атап кетті.
Осыдан басқа, жылдық жиналыс директорлар Кеңесі құрамына Эрик Холлберг мырза мен Ингрид Марио Стенмарк ханымды енгізді, олар TeliaSonera Group-ті өкілдік етеді.
Смирнов мырза – Ресей мен Орталық Азия бойынша Scania Group-тің аға кеңесшісі. Ол – қазақстандық шаңғышы. 1982 жылдан 1991 жылға дейін КСРО үшін, ал, кейін Қазақстан үшін бәйгелескен. 1994 жылы Лиллахамерде өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін бірінші алтын медалін ұтып алды. Владимир Смирнов әлемдік чемпионатын төрт рет жеңген болатын, екі мәрте әлем Кубогінің иегері, 29 мәрте әлем Кубогінің жүлдегері. Бұның алдында ол Халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі болған және Қазақстан Республикасының Швециядағы қадірлі консулы болған. 1964 жылы дүниеге келген.