Жарнама
Қоғам

Өңірлік тұрақтылық пен халықаралық серіктестіктің жарқын үлгісі

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі ретінде Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығаюын өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды жетістік деп білемін.

2019 жылы қабылданған мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме – тек екі ел арасындағы өзара сенімнің көрінісі ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі мен даму болашағына қосқан үлес. Бұл құжат аясында жүзеге асырылып жатқан көпқырлы ынтымақтастық – көпполярлы, тең құқықты әлемге ұмтылған мемлекеттер арасындағы тату көршілік пен жауапты серіктестіктің нақты көрінісі.

Соңғы жылдары екі мемлекет басшыларының тұрақты кездесулері саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеріп отыр. Әсіресе Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен “Орталық Азия – Қытай” форматындағы диалогтар аймақтағы бейбітшілікті сақтау мен тұрақты даму мақсатында маңызды рөл атқарады.

Биыл Астанада өтетін “Орталық Азия – Қытай” екінші саммиті Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара құрметке, теңдік пен сенімге негізделген серіктестікті одан әрі тереңдетуге жол ашады. Бұл – біздің халқымыз үшін үлкен мүмкіндік, әсіресе мәдени, білім және этносаралық келісім салаларында жаңа бастамалар мен жобалар жүзеге асады деп сенеміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы өз кезегінде халықтар арасындағы достықты нығайтуға, елдегі қоғамдық келісімді сақтау мен дамытуға үлес қоса бермек.

Мұратбек СӘТТІҒҰЛ,

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас сарапшысы, Ассамблея жастарының мүшесі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button