Жарнама
Қоғам

Өнегелі өмір иесі

СОНАУ СОВЕТ ҮКІМЕТІ ТҰСЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ САН САЛАСЫНДА УАҚЫТПЕН САНАСПАЙ ТЫНЫМСЫЗ
ЕҢБЕК ЕТКЕН АРДАГЕРЛЕРІМІЗ БҰЛ КҮНДЕ САУСАҚПЕН САНАРДАЙ ТЫМ СИРЕП-АҚ ҚАЛҒАНЫ РАС. ОЙЛАП ОТЫРСАҚ, СОЛ КЕЗДЕГІ ЕҢБЕК ЕТКЕН ЖАНДАРДЫҢ
ҚАЙ-ҚАЙСЫСЫ БОЛСЫН, ӨЗДЕРІНІҢ ҚАРАПАЙЫМ ДА АДАЛ ЕҢБЕКТЕРІМЕН ҚОҒАМ ЖҮГІН ҚАЖЫМАЙ-ТАЛМАЙ АЛҒА СҮЙРЕЙ БІЛДІ. ӨЙТКЕНІ, БАРДЫ ҚАНАҒАТ
ТҰТЫП, АУЫР ДА БОЛСА АБЫРОЙМЕН ЕҢБЕК ЕТУ – СОЛ КЕЗДЕГІЛЕРДІҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ БОЛҒАН СИЯҚТЫ.
ОЛАРДЫҢ ДЕНІ БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫН БЕЙНЕТКЕ АЙЫРБАСТАП, ҚАРШАДАЙЫНАН ЕҢБЕККЕ АРАЛАСТЫ.
СОНДАЙ ЖАННЫҢ БІРІ – АҚЖІГІТОВ ҚАДЫРӘЛІ АҒАМЫЗ ЕДІ.

Ол 1899 жылы Гурьев облысы, Қызылқоға ауданының Сарыкөл деген елді мекенінде
отбасының тұңғышы болып дүниеге келген. Əкесі Ақжігіт мал шаруашылығымен
айналысқан еді, бірақ ғұмыры қысқа болыпты. Қадырəлі аға сол кезде 13 жаста тұғын. Əке орнын жоқтатпай анасына көмектесіп, өзінен кіші Есенқадір, Байесен,
Ақтолқын атты бауырларына бас-көз болды. Өзі ауылдық мектепте оқып, үш кластық білім алады. 14 жасынан бастап Хасанов, Васильев, Шалабаев деген
татар, орыс, қазақ байларына жалданып, малдарын баққан. Үйелмелі-сүйелмелі бауырларын жетелеп енді еңсе тіктеп келе
жатқанында 1923 жылы анасы қайтыс болады. Отбасының бүкіл ауыртпалығы Қадырəлінің басына түседі. Ол 1929 жылдың жазында сол жерде құрылған
«Елтай» колхозында колхозшыьболады. Бірақ қоғамдығы, елдегі қиын жағдайлар, құрғақшылық ашаршылық Сарыкөлден көшіп, Доссор, Байшонас сияқты жерлерге барып еңбек етуге мəжбүрлейді. Онда да жайлы болмаған соң, 1932 жылы Ленин
атындағы балық консерв заводы құрылысына жұмысшы болып орналасып, бауырларын да өзімен бірге Гурьевке көшіріп ала келеді.

Балық консерв заводына маман қажет болғандықтан басшылық 1932 жылы наурыз айында қазақ тілімен қатар орыс тілін де жетік білетін оны Астраханға 3 айлық машина станогін жүргізу курсына
оқуға жібереді. Сөйтіп ол 1933-1938
жылдары зауытта слесарь, 1938-
1946 жылдары консерв цехында регулировщик болып қызмет етеді.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып ел басына күн туған кезде Қадырəліні майданға алып кетеді. Бірақ поезд Қандағаш станциясында аялдап тұрған кезінде эшалонмен кетіп бара жатқан оны
кейін қайтарған. Себебі консервтзаводы майдандағыларды азықпен қамтамасыз ететін басты өндіріс болды, заводта құты жасайтын станокты реттеп жүргізіп тұратын маман өте қажет болғандықтан,
оны бронмен тыл жұмысына қалдырған. Қадырəлі аға заводтатмайдан жауынгерлеріне қажеттітконсерв өнімдерін жеткіліктітетіп дайындау үшін консерв қалбырларды жасау станогінде күні-түні аянбай еңбек етті. Сол соғыс
жылдарында тылда еңбек еткен жас
жеткіншектер, əйел-аналар, қыз-келіншектер əкелерін, ағаларын, жарларын күте жүріп, балық аулап, оны өңдеп, одан түрлі тағамдар дайындап, қалбырларға салып жасаған өнімдерін талай солдат, талай майдангерлер дорбаларына
салып азық еткен шығар!
Соғыста жеңісті жақындатуьүшін көппен бірге еңбек еткеньГурьев балық консерв заводындағы жұмысшылардың тылдағы еңбектері орасан зор деп айтар едім. Соның ішінде Кадырəлі ағаның еңбегі
ескеріліп, 1945 жылы «Ерен еңбегі
үшін» медалі берілген. Ол 1940 жылдан Коммунистік партия қатарына қабылданған, ал 1948 жылы Гурьев қалалық партия комитетінің шешімімен Гурьев консерв заводына цехтың бастауыш партия ұйымы секретарі болып тағайындалады. Қадырəлі аға соғыстан кейінгі елді қалпына келтіру жылдары заводқа іргелес орналасқан Холодильник,
Курилкин елді мекендерінде 15 жылдай Квартком болып та жасаған. Соғыстан əкелері оралмаған отбасы балаларына ерекше қамқорлық көрсетіп азық-түлік, киім-кешек, отынмен көмектессе, кейбіреулерін оқуға түсуге, мамандық алып, жұмысқа орналасуына ықпал еткен.
1947 жылы тұрғындарға жағадан бақша салуға жер алуына да ықпалы болған. Холодильник, Ширина ауылдарына ауыз су жүргізуге, бастауыш мектеп тұрғызуға көп
жұмыстанған. Сол мектеп кейін 60 жыл бойына ұрпаққа білім ошағы болды. Соғыс кезінде ауылдас інілері Бөлекбаев Қожақ, Арыстанбеков, Борис, Қабиев Оңайғалиларды шəкірт етіп қасына жұмысқа алып, жұмыстың қыр-сырына үйреткен де еді. Кейін олар станок жүргізу
шеберлері болды. Шəкірттерінің
бірі Бөлекбаев Қожақ кейін оның
орнында жұмыс жасап, балық
өндірісінде озат еңбек етті. Құрмет
тақтасына ілінді, Қазақ ССР Гурьев
атқару кеңесіне депутат болып
сайланды. «Каспий таңы» газетіне
өз ұстазы Қадекең туралы мақала
да жазды. Ал тағы бір шəкірті
Қабиев Оңайғали: «1941 жылы
10 сентябрьде соғыс кезінде 14
жасымда Қадырəлі ағаның қасына
электриктің үйренушісі болып
жұмысқа тұрдым, содан 1945
жылға дейін құты жасау цехында
электриктің жұмысын атқардым,
ағамен бірге майданға консерв
құты дайындап жіберіп тұрдық, ол
кезде заводта əскери қатал тəртіп
болатын», — деп еске алады.
Қадырəлі Ақжігітов 1961 жылы дүниеден озды. Бауырлары да өсіп-жетілді. Тек Есенқадір інісі соғыстан оралмады. Қадекеңнің Ғайни атты қызы бүгінде өмірден озды, ұрпағы бар. Ал ұлы
Темірғали ұзақ жылдар қарапайым
дəнекерлеуші болып еңбек етті.
Бүгінде ол жасы сексенге таяған,
немере-шөберелерінің қызығын
қызықтаған зейнеткер ата. Əкесін
жиі есіне алады. Біз болсақ осы
заманға жету үшін барын салған,
қазір сиреп бара жатқан Қадекең
сияқты қарияларымыздың еңбегі
ел есінен шықпаса екен, олардың
ерлікке тең істері кейінгі ұрпаққа
үлгі болатындай етіп насихаттала
берсе екен, олардың есімін мəңгі
есте қалдыратын істер жасалса
екен дейміз. Сол бағытта Қадырəлі
Ақжігітовке де қала көшелерінің
біріне есімі берілсе деген
ұсынымызды білдіргіміз келеді.
Қазақ халқы қай уақытта да ұрпақ
тəрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың
болашағы деп білген ғой. Бұл да
бір ел аузында айта жүрерліктей
тəрбиелі іс болар еді…


Мəрия ДҮЙСЕНОВА,
бұрынғы жұмыстасы
Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button