«Өмірге құштар баламыз…»
«Зейін Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының ұйымдастыруымен балаларды қорғау күніне орай «Жалындаймыз, жанамыз, өмірге құштар баламыз!» атты ерекше балалар мен олардың ата-аналары арасында спорттық сайыс өтті.
Орталықтың өнерлі бүлдіршіндерінің бірі би билеп, енді бірі сызылта ән салып қатысушылардың жүрегін елжіретті.
-Өткізілген сайыстың басты мақсаты — бала мен ата-ана арасындағы байланысты күшейту, балаларды қоғамға бейімдеу. Сайыс басталар алдында аниматорлар келіп, жас спортшыларға арнап ойындар ұйымдастырып мерекелік көңіл-күй сыйлады. Демеушілердің тарапынан қатысқан балаларға дамуына пайдасы тиетін сыйлықтар таратылды,-дейді «Зейін Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының директоры Әнуар Бегісбаев.
Сайыс соңында «Жаныңдамын» қоғамдық қорының атынан 20 балаға балалар тіс емханасына сертификат табысталды.
Ұлболсын МАРСОВА