
Облысқа жаңа имам тағайындалды
Атырау облысының бас имамы болып Болатбек Абуов тағайындалды. Жаңа имамды жамағатқа ҚМДБ төрағасының орынбасары наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы таныстырды, — деп хабарлайды amin.kz.

Бұған дейін Атырау облысының Бас имамы қызметін атқарған Алтынбек Ұтысханұлына алғыс айтылып, жамағат алдында құрмет көрсетілді.
«Алтынбек Ұтысханұлы 2019 жылдан күні бүгінге дейін абыроймен қызмет атқарды. Аталған уақыт аралығында өңірде 15 мешіт, 5 құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылып, қолданысқа берілді. Аталған орталықтардан алғашқы 8 қари түлеп шықса, 91 дін маманы қызметке тағайындалды. 2019-2020 жылдары пандемия кезеңінде қала, аудан, ауылдық дәрігерлік орталықтарға 10 ИВЛ, 83 оттегі аппараты жеткізіліп, 7000 дәрі-дәрмек берілді. Болатбек Ұласханұлы да білікті маман, дін саласында үлкен міндетерді абыроймен атқарған адам. Атырау облысы жамағатының бірлігін нығайтып, рухани ағарту мақсатында нәтижелі қызмет атқарады деп сенемін» деді наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы.
Болатбек Ұласқанұлы – 1982 жылы дүниеге келген. 2003-2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін аударма ісі мамандығы бойынша үздік бітірген;
2008-2010 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін Араб филологиясы мамандығы бойынша Магистратурасын бітірген;
2011-2013 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған;
2013ж. Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында білім алған;
2012-2015 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Шетел филологиясы мамандығы бойынша Докторантурасын тәмамдаған;
Қызмет жолын 1999-2002 жылдары Қызылорда обл., Байқоңыр қаласы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имам болып бастады. 2005 – 2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Студенттер кеңесінің мүшесі, төрағасы орынбасары; 2008 – 2010 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының референт-аудармашысы; 2009 – 2012 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушы; 2010 – 2014 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі; 2014 жылдан бері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Аппарат жетекшісі, Бас хатшы қызметтерін атқарды.
2018 жылдың 23 ақпанынан бастап ҚМДБ-ның Қызылорда облысы Қызылорда облысының бас имамы қызметтерін атқарды. 2023 жылдан бастап Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешінің бас имамы қызметінде болды.