НАСИХАТТЫҚ ТОП ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Қоғам

Насихаттық ақпараттық топ мүшелерінің қатарында облыстық мәслихат депутаты Амангелді Абдолов, қалалық мәслихат депутаты Бағыт Шеркешбаева және топ жетекшісі Атырау қаласы әкімінің орынбасары Айжан Қарабаева болды. Олар әр селолық округте өткен кездесулерде бұл заң қоғамды демократиялық дамытудың алғышарттарының бірі болып табылатынын, әр ауылдың өзі басқарып, өзі ұқсататын өз бюджеті болатыны жайында айтып, заңға енгізілген өзге де жаңалықтарды жан-жақты түсіндірді.
Мәселен, Жұмыскер ауылдық округі тұрғындарымен болған кездесуде қала әкімінің орынбасары Айжан Қарабаева заңда кейбір мәселелерді жоғарға жеткізбей-ақ, жергілікті жерде, халықпен ақылдаса отырып шешу көзделгендігін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауда жергілікті өзін-өзі басқару саясатын жетілдіру, дамыту керектігін айтқан болатын. Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қарпайым азаматтардың мемлекеттік басқару ісінде рөлін арттыруға, сол арқылы ауыл-аймақтың экономикасын көтеруге негізілделген, – деп, заң баптарындағы ерекшеліктерді тұрғындарға түсіндірді. Және жаңадан сайланған ауыл әкімдеріне берілетін қосымша өкілеттіктер жайында айтып өтті.
Облыстық мәслихат депутаты Амангелді Абдолов өз сөзінде заң шеңберінде ендігі уақытта селолық округ тұрғындарымен бірлесіп «жиын» және «қауымдастық» жиналыстарының өтетіндігін айтты. «Жиында» ауыл ішінде ауыртпалығы аздау деген мәселелер талқыланса, ал «қауымдастықта» маңызды деген мәселелер ауыл тұрғындарымен ақылдаса отыра қаралатындығын түсіндірді. Осы секілді негізгі мақсаты әлеумет әлеуетін арттыру болып табылатын заңдағы өзге де басымдықтар жайында әңгімеледі.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.
Суретті түсірген Самат ҚАЙЫРЖАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған