Жарнама
Қоғам

Нақты қадамдар алға қойылды

Педагог ретінде мен Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Президент жұмысының алты жылдығына арналған жарияланымымен таныстым.

Соңғы жылдары білім беру саласында елеулі өзгерістер болғанын байқауға болады. Мемлекет мұғалімдердің жалақысын көтеруге ерекше көңіл бөлуде. Бұл тек біздің өмір сүру деңгейімізді жақсартып қана қоймай, сонымен қатар мұғалімдік мамандықтың беделін арттыруға ықпал етеді.

Әрине, алда атқарылатын жұмыс аз емес. Дегенмен қазірдің өзінде мұғалімдердің еңбек жағдайларын жақсарту және жалпы білім беру сапасын көтеру бағытында нақты қадамдар жасалып жатқаны анық. Бұл қолдау алдағы уақытта да жалғасады деп үміттенемін, өйткені біздің балаларымыздың және тұтас елдің болашағы мұғалімдерге тікелей байланысты.

Мәдина ЕРКІНОВА,

Жастар мәслихатының депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button