Жарнама
Қоғам

Мыңға жуық ауыл шаруалышығы техникасы сатып алынады

Биыл облыста аграрлық сектордың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 1 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар сатып алынады деп күтілуде. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлікті және аграрлық сектордың дамыту жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті мәжілісінде белгілі болды.

            Облыстық мәслихаттың төрағасы Жеңіс Әбілқарес төрағалық еткен алқалы жиында өңірдегі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды мәселелер талқыға салынды. Атап айтқанда, туризм саласын дамыту, гидромелиоративтік құрылғы-қондырғыларды, суару-суландыру жүйелерін жетілдіру, аграрлық салада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен субсидиялар беру, ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алу, т.б. мәселелер қаралды.

            Күн тәртібіндегі мәселелерге орай облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Қалиева, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Тілекқабыл Ғубайдуллин хабарлама жасады.

            Баяндалғанындай, бір ғана туризм саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде өңірде 550 жаңа жұмыс орнын ашу, 40 кәсіпкерлік нысанын қаржылай қолдау жоспарланған. Биыл облыста жалпы ұзындығы 880 шақырымнан асатын 10 суару-суландыру жүйесін күрделі жөндеу жұмыстарын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру межеленген. Осы кезеңде ауыл шаруашылығында құны 21,2 млрд. теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы жаңадан 333 жұмыс орнын ашу ойластырылған. Сонымен қатар

            Әрине, мұның бәрі тұтастай алғанда аймақ экономикасын өркендетіп, істі ілгері бастыруға мүмкіндік туғызып, соны серпін берері сөзсіз. Әңгіменің түйіні – жоспарланған жобалардың межеленген мерзімінде орындалып, іске қосылуына тіреліп тұр.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button