Жарнама
Қоғам

Мұнай-газ саласында жасанды интеллект қалай енгізілуде?

Бүгінде жасанды интеллект (ЖИ) біздің өміріміздің табиғи бөлігіне айналып, өндірістік үдерістерді жеделдетуге ерекше көмектесуде. Мұнай-газ саласындағы ЖИ енді «болашақ» емес — компаниялардың тиімділігін, қауіпсіздігін, табыстылығын және экологиялық жауапкершілігін арттыратын құралға айналды.

«Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы — өз қызметінде жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізіп, қолданып жүрген алдыңғы қатарлы ұйымдардың бірі. Алайда, ТШО-ның деректер ғылымы мен ЖИ тобының жетекшісі Бекмұрат Спаевтың айтуынша, адам үдерістің негізгі бөлігі болып қала береді:

«Біздің тәсіліміздің өзегінде — адам.
Дәл сол адам негізгі шешімдерді қабылдайды, ал ЖИ — дәлдік пен жылдамдықты қамтамасыз ететін көмекші».

whatsapp image 2025 09 08 at 14.44.16 1

Бұл туралы ол Қазақстанда алғаш рет өткен «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі жасанды интеллект» форумында айтты. Форумды «Қазақстандық мұнайсервис компанияларының одағы» (KazService) Атырау қаласында ұйымдастырды. Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші операторлардың топ-менеджерлері, инвесторлар, сондай-ақ IT-сектор, ғылым және стартаптар көшбасшылары қатысып, ЖИ мен цифрландырудың мұнай-газ саласы үшін өзектілігін атап өтті.

ТШО деректерді талдау мен жасанды интеллект бағытын белсенді дамытып, Қазақстан мұнай-газ саласының болашағын айқындайтын технологияларға басымдық беруде. «Адам + ЖИ» қағидасы компанияға табыстылықты арттыруға, қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға және ел энергетикасының даму қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Data Science пен жасанды интеллект технологияларын қолдану қазірдің өзінде ТШО бизнесіне елеулі пайда әкеліп отыр. Data Science командасы аналитикалық шешімдер әзірлеп, бизнес-үдерістерге технологияларды кеңінен енгізу стратегиясын қалыптастыруда.

Компанияның ағымдағы бастамалары қатарында:

  • инженерлерге техникалық стандарттармен жұмыс кезінде қолдау көрсету үшін үлкен тілдік модельдерді (LLM) қолдану, бұл 300-ден астам инженерлік құжатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді;
  • HR және HSE бөлімдерінде бұл шешімді кеңейту әлеуетін қарастыру, процестерді жеделдету және қызметкерлерді қолдау сапасын арттыру мақсатында.

ТШО-дағы ЖИ қолданылатын негізгі бағыттар:

  1. Бизнес-үдерістерді оңтайландыру — техникалық қызмет көрсетуді болжау, тиімділікті арттыру және шығындарды азайту.
  2. Жұмыс ортасын трансформациялау — күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту.
  3. Тұрақты жабдықтау тізбектері — логистика мен жабдықтау үдерістерін интеллектуалды оңтайландыру.

ТШО үш негізгі стратегиялық бастаманы жүзеге асыруда:

  1. Технологиялар мен серіктестік — бизнес-серіктестермен және отандық компаниялармен белсенді ынтымақтастық, жаңа шешімдерді қадағалау және енгізу.
  2. Жауапты ЖИ — технологияларды қауіпсіз, этикалық әрі ашық қолдану үшін фреймворк әзірлеу.
  3. Кадрларды дамыту — қызметкерлерді Data Science бойынша оқыту, ЖИ бойынша кіріспе курстар өткізу және компанияның барлық деңгейінде ЖИ интеграциясының стандарттарын енгізу.

«ЖИ — бұл жай ғана технология емес.
Бұл бізге анағұрлым қауіпсіз, тиімді әрі тұрақты болашақ құруға көмектесетін құрал», — деп атап өтті форумда Бекмұрат Спаев.

ТШО тәжірибесі заманауи ЖИ-технологиялар мен адами факторды үйлестіре қолдану Қазақстан мұнай-газ саласының табысты дамуының кепілі екенін көрсетіп отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button