Жарнама
Қоғам

МІНДЕТ – ЕСЕЛІ ЕҢБЕКПЕН ЕҢСЕРУ

 

Сондай-ақ, ол 2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келе жатқандығын ескертті. Демек, экономиканың қай саласында болмасын, ойластырылған жоспарлы жұмыстар оңды шешілуі қажет.

Біздің өңір ауылшаруашылықты аудан болғандықтан халықты азық-түлік өнімдерімен, әсіресе, ет, сүт, көкөніс, бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету, тұрғындардың өзін өзі қамтуға қол жеткізу, экологиялық таза әрі қауіпсіз өнім түрлерін ауылдастар дастарханына ұсынуға жету – басты мақсатымыз. Осыған байланысты биыл аудандағы шаруа қожалықтары мен жеке секторларда егін-бақша дақылдарының көлемі 1073 гектарға, оның ішінде картоп – 350, көкөніс – 420, бақша – 150, жеміс-жидек – 7 және суармалы егістік көлемі 146 гектарға жетіп отыр. Үстіміздегі жылы аудан бойынша 5075 тонна картоп, 11 мың тоннадай көкөніс және 4350 тонна бақша өнімдері жиналып, индерліктер мол өнімге және өзін өзі толық қамтамасыз етуге қол жеткізіп отыр. Өткен жылмен салыстырғандағыдан барлық түліктер бойынша мал басының өсімі қамтамасыз етілді.

Сәулет ЕСЕТОВ,

Индер аудандық ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button