Жарнама
Қоғам

МЕРГЕНДЕР СЫНДА ШЫҢДАЛАДЫ

Екі күнге созылып, олимпиадалық жүйе бойынша өткен турнирде алдымен, жеребе тастау арқылы 40-қа жуық қатысушының ішінен құралайды көзге атқан мергендер жұптары анықталды. Солардың арасынан финалдық кезеңге алты мергенші іріктелді.

Бас төреші Александр Матвеевтің айтуынша, негізінен, турнирге қатысуға алпыстан астам адам ұсыныс білдірген.

— Аңшылыққа 2003 жылдан бері шығып келемін. Атырау облысында құс, үйрек ату маусымы көктемде және күзде ашылады. Биыл маусым кеш басталды. Бұған да бірнеше себеп бар. Мәселен, Құрманғазы ауданындағы дала өртінің орын алуына байланысты қазір құс аулау өте қиын. Сондықтан, осындай спорттық жарыстар аңшылардың басын қосып, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік береді, — дейді турнирге қатысушы «Ақжайық» табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Жанәділ Мұратуллин.

Ал, жарысқа қатысқан «Тамаша» ойын-сауық кешенінің бас директоры Мәлік Саскеевтің аңшылық кәсіпті серік етіп жүргеніне жиырма жылдай уақыт өткен екен. Өзі Алматының тумасы болғанымен, Атырауда 2003 жылдан бері тұрады. Осы уақыт аралығында өңіріміздің аң, құс аулауға қолайлы жерлерінің барлығын жақсы біліп алған.

— Осы турнирге келіп, көптеген адамдармен танысып жатырмыз. Жарыстың алғашқы күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қатысушылар күткендей көп болмады. Негізі мұндай жарысты айына екі рет өткізіп тұрса, дұрыс деп есептеймін. Өйткені, Атырау облысының өзінде сегіз мыңдай аңшы бар. Оның ішінде, төрт мыңға жуығы аңшылыққа тұрақты шығып тұрады. Сондықтан, бұл турнир болашақта бұдан да кең түрде ұйымдастырылса игі болар еді, — дейді мерген.

Финалдық ойындарда (жартылай финал және ақтық сында) берілген 12 мүмкіндіктің барлығында мергендік танытқан «Аджип» компаниясының қызметкері Паоло Майнолли І орынды жеңіп алды. Ал, Григорий Сикольников пен Павел Голубев ІІ және ІІІ орындарды бөлісті.

Турнир соңында сөз алған Олжас Сағаттың әкесі Сағат Түгелбаев қатысушыларға алғысын білдіріп, ұйымдастыру комитеті бұл турнирді жыл сайын өткізіп тұруды шешкенін айтып, мергендерді қуантып тастады. 

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суреттерді түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button