Жарнама
Қоғам

Мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық сайыс өтті

1 маусым — балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік қызметкер арасында «Әкем, анам және мен» отбасылық сайыс өтті, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

????????????????????????????????????

Сайыстар эстафета түрінде өткізіліп, әр жанұядан әкесі, анасы және екі баласы қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жеті отбасы қатысқан сайыста Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті атынан қатысқан Оразғалиевтар отбасы жеңіске жетті.

«Отбасымызбен бірге спортпен тұрақты түрде шұғылданып тұрамыз. Бүгін сайысқа балам мен қызымды алып келдім. Екеуі де спортты жақсы көреді. Бүгінгі отбасылар сайысына қатысып қана қоймай, жеңіске жеткенімізге қуанамыз», — дейді «Жалын» отбасының отағасы Оразғалиев Уалихан.

????????????????????????????????????

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне диплом мен медальдар және арнайы сыйлықтар табыс етілді. Үздік үш командаға велосипед берілді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button