Жарнама
Қоғам

«МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКПЕН»

 

Мәселен, жуырда «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Ғабдуллин бастаған мекеме қызметкерлері мен бір топ партия мүшесі «Дина» сауда орнындағы қайырымдылық көрсету орталығына жаңа және киілген, таза киім-кешектерді табыстаған еді. Бұл игілікті іс жалғасын тауып, Жаңа жыл мерекесіне орай да көп балалы және аз қамтылған отбасыларға Атырау қаласы тұрғындарынан жинақталған киім-кешектерді таратты.

«Бүгін балаларымның қуанышында шек жоқ. Әдемі, әрі жылы киімдерін алып, жаңажылдық керемет кештің куәсі болды. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», — дейді көп балалы ана Гүлмира Отарова.

Ал, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Дулат Хамзин алдағы уақытта орталықтың атқаратын қызметіне сәйкес, мейірімді жандардың орталыққа  табыстаған   киім-кешектерін жинақтап, жағдайы төмен отбасыларға  тарату шаралары жалғасын табатынын айтады.

Р.ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button