Жарнама
Қоғам

Мәжілісменнің іссапары Исатайда жалғасты

2022 жылдың 12 шілде күні Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ерубаевтың іссапары Исатай ауданында жалғасты. Ол алдымен аудан дәрігерлерімен кездесті.

Онда депутат «Ақ жол» фракциясының атқарған жұмысына, сондай ақ елдегі жаңа Қазақстанды қалыптастыру жайына тоқталды. Ақ халатты абзал жандар елдегі өзгерістерді қолдайтындықтарын айтып, өздеріне қатысты проблемаларды көтерді. Ең бастысы, ауруханаға арнайы жабдықталған жедел-жәрдем (реанимобиль) көлігімен көмектесуді сұрады. 

Аудан тұрғындары  Аққыстау-Тұщықұдық ауылының ішімен және айналма жолдарының  мәселелерін көтерді. Жол құрылысын салушылар мен мердігерлер оған мән беретіндіктеріне тоқталып, жол жобасына жедел өзгерістер енгізетіндіктерін айтты. Кездесу соңында аудандық ауруханада белсенді еңбек етіп жүрген  медицина қызметкерлеріне  Орталық аппараттан келген «Жанқиярлық күресі үшін» медальі  мен Алғыс хаттар табысталды. Бұдан кейін депутат С.Ерубаев Атырау-Астарахань автожолының мердігер компания өкілдерімен кездесіп,жол құрылысы мәселелерін талқылады.

Айсұлу ҚОНДЫБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button