Жарнама
Қоғам

Мәселенің дені – мердігер мекемелерде

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында бекітілген нысандардың құрылысына партиялық бақылау бекеті қойылады. Десек те, кейбірі мерзімінде аяқталмайды. Оған себеп – мердігер мекемелердің салғырттығы. Мұндай нысандар әр ауданда бар. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы баспасөз бөлімінің өкілі Салтанат Ақтажиева хабарлады.

Мәселен, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылына қарасты, Қарағай елді мекеніндегі амбулатория құрылысы аяқталғанымен, кейбір терезе шыныларын ауыстыру, сыртқы маңдайшасын орнату және ғимаратқа тиесілі аймаққа тазалық жұмыстарын қажет етіп тұр.  Жұмысшы топ тиісті орган басшыларына кемшіліктерді түзетіп, нысанды тезірек ауыл халқының игілігіне тапсыруды ұсынды.

Партиялық бақылаудағы, бірнеше жылдан бері құрылыс жұмыстары аяқталғанымен, әлі де кемшін, толықтыру мен қайта жөндеуді қажет ететін тұстары бар нысан – Қосшағыл ауылындағы №2 орта мектеп. Арнайы топ ғимаратты аралап, тиісті органдар мен мердігер мекеме өкілдеріне  мектеп терезелерінің төсемшесін және сыртқы еңістерін жөндеу, оқушыларға арналған дәретханаларды бөлу, т.б толық аяқталмаған жұмыстарды тез арада аяқтауды, барлық мәселелерді заң шеңберінде шешуді жеткізді.

Индер ауданына іссапары аясында жұмысшы топ Индербор кентіндегі 80 пәтерлік құрылысы тоқтап тұрған тұрғын үйге арнайы барды.  Аталған ғимараттың төбе жабындысының фермалары орнатылған, терезелері салынып, бетонды сылақтары жасалған. Тұрғын үйге дейінгі сыртқы жылу, газ, су және кәріз желілері жүргізілген. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізу үшін құжаттары рәсімделіп жатыр.

Партия қызметкерлері осы сапарда кенттегі Жайық өзені жағалауында былтырғы тасқын судан кейін  шөккен   850 м бөгетті қайтадан қалыпқа келтіру және нығайту бағытында желтоқсан айында басталған жұмыс барысымен де танысты.

Құрманғазы ауданына іссапары аясында РТС ауылындағы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынып жатқан білім ұясының құрылысымен танысты.  Бүгінде 600 орындық «Жайлы мектептің» төбесін жабу, биіктігі 9 метрге жуық  36х16 метрлік үлкен, 12х18 метрлік кіші спорт залдарының, көлемі 18х6, биіктігі – 8 метрлік асхана құрылысының  жұмыстары жалғасып жатыр.

 Сайлауалды бағдарламаның Жол картасы аясында аймақта жүзеге асып, құрылысы, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан барлық нысандар толықтай пайдалануға тапсырылғанша партияның бақылауында болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button