Жарнама
Қоғам

МАРАПАТҚА ЛАЙЫҚ ЖАН

Үлгілі ұстаз, ҚР оқу ісінің үздігі, физика пәнінің білгірі Роза Сабырғалиқызы Үмбетова қырық жылдан астам білім беру саласында жемісті еңбек етеді. Физика пәнін жетік білетін теориялық білімі мол, үнемі ізденісте жүретін ұстаз – cаясы кең бәйтерек сынды. Сондай-ақ, дарынды оқушыларды қалыптастыруда өзіндік орны бар талапшыл ұстаз егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуалдық деңгейі биік, азамат тәрбиелеуге бар күш-жігерін жұмсауда.
Роза апай ұстазға тән өз замандастарына да өнеге тәрізді. Өне бойы ізгілікке толы жанға қарап ұстаз бақыты деген осы дерсің. Бүгінде абзал ана, қадірлі әже, жора-жолдастарының сыйлысы, шәкірттерінің сүйікті ұстазы Роза Сабырғалиқызы аудандағы №7 психолого-педагогикалық түзеу кабинетінің әдіскері қызметін атқарып жүр. Ғұмыр бойына ұлт болашағына білім мен тәрбие беруде қалтқысыз қызмет еткен ұстаздың еңбегі еленіп, Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдың иегері атанды.

Майра ЖӘУМІТОВА,
Мақат ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button