МАХАМБЕТТЕ МҰЗ АЙДЫНЫ АШЫЛДЫ

Жақында аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан мұз айдыны жасақталды. 

Махамбет селолық округінің әкімі Жақсылық Мүсепов бастамашылық танытып, осындай игілікті істің жүзеге асуына ықпал етті. Аудан басшылығының қолдауымен жергілікті бюджеттен қаралған қаржыға салынған қысқы спорт нысанының ұзындығы 40, ені 25 метрді құрайды. Мұз айдыны ауыл тұрғындарының, әсіресе, балалар мен жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, өңірде салауатты өмір салтын қалыптастырып, насихаттауға өз септігін тигізбек. Сөйтіп, махамбеттік ұландар бұдан былай мұз үстінде конькимен сырғанақ тебуге де мүмкіндік алып отыр.

 «Жақсыны – көрмекке» демекші, күн санап  жаңадан  ашылған мұз айдынына келушілердің қатары артуда. Аудан орталығындағы мектеп оқушылары сабақтан шыққан соң мұз айдынынан табылады. 

Аяжан БИСЕНҒАЛИЕВА,

Махамбет ауданы. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз