МАЙДАНГЕР ЖЕСІРІНЕ ҮЙ САЛЫП БЕРДІ
Ол аудандық мәслихат депутаты, атымтай жомарт кәсіпкер, елжанды азамат Нұрлан Құсайыновқа мән-жайды түсіндіріп, көмек сұрады. Сол кезде кәсіпкер «оның ешқандай қиындығы жоқ. Бәріміздің абзал анамыз емес пе, неге ол кісіге көмек көрсетпеске?!» деп бірден қолдау білдіріпті. Нұрлан ағаның бойындағы бұл ізгі қасиеті үлкен-кішіні бірдей тәнті етті. Ол өзінің қарамағындағы жұмысшыларын ілестіріп, жолдың алыстығына қарамай, бүкіл техникаларын, құрылыс материалдарын бірге ала барып, үй тұрғызу жұмыстарына білек сыбана кірісіп кеткен. Қолдары шебер құрылысшылардың арқасында аз ғана уақыт ішінде, әжейге су жаңа баспана тұрғызылды.
Қуанышында шек жоқ кейуана өзіне қамқорлық танытқан азаматтарға жүрекжарды алғысын айтты.
Айнагүл ШАКУПОВА,
Құрманғазы ауданы.