Жарнама
Қоғам

МАЙДАНГЕР МЕДАЛІ ҰЛЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

Кеңес халқы Ұлы Жеңіс күнін қарсылағаннан кейін де арада ондаған жылдар өткесін, іздестіру шараларының нәтижесінде оның 1943 жылғы қараша айының 18-інде, Смоленск қаласы маңында орналасқан №1081 атқыштар полкі командирінің бұйрығымен сол мезгілдегі Кеңестер Одағының мемлекеттік наградасы «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ұсынылып, марапатталғандығы анықталған. Подольск шаһарындағы әскери мұражайда сол куәліктің көшірмесі сақталған.
Сол құжат Ұлы Жеңістің 69 жылдығы аталып өткен соң санаулы күндерден кейін майдангердің ұлы, Атырау қаласының тұрғыны, ҚР Ішкі Істер органдарының Құрметті ардагері Тасқынғали Әлмұқановқа табыс етілді. Майдан даласында жасаған ерлігі үшін берілген осынау айрықша марапаттың куәлігін Әлмұқан атаның артында қалған ұрпағына Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников салтанатты жағдайда тапсырды.
Атырау қаласы әкімдігінде ұйымдастырылған ұлағатты шарада сөз сөйлеген қала әкімі Серік Айдарбеков қаншама жылдар өтсе де соғыс салған жара жанымыздан, оның жаңғырығы санамыздан өшпейтіндігін, ерліктің қашанда елге мұра, ұрпаққа ұран болып, ұрпақтар жадында жаңғыра беретіндігін, бүгінгі басқосу да соның айқын бір көрінісі екенін айтты. Осындай ұмытылмас сәтті сыйлағаны үшін Мемлекет басшыларына, өздеріне жүктелген абыройлы міндетті атқара келген Ресейдің Қазақстандағы елшісі мен бас консулдықтың өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Дәулетқали АРУЕВ.
Суретті түсірген Ә.ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button