Жарнама
Қоғам

МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда Астана қаласының активімен кездесуде еліміз 2015 жылы Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтетінін айтқан болатын. Осыған орай «дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму үдерісі жайында өз пікірлерін ортаға салды.

Пікір алмасуға Венгрияның Будапешт қаласындағы Янош Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Кристина Кодо, Францияның Пуатье университетінен PhD докторы Патрис Нодэн, тарихшылар, филологтар, магистранттар, студенттер қатысып, аталған мерекеге арналған іс-шараларды дайындау, оқу орны ғалымдарының ғылыми еңбектерін жариялауды үйлестіру, университет ғалымдарының шетелдік әріптестерімен пікір алмасуы мәселелерін ұйымдастыру жайлары кеңінен сөз болды.  

«Дөңгелек үстел» барысында «Тарихи-мәдени мұралар – мәңгілік құндылық» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты Ш.Нағимов, «Әлемдік әдебиет және оның мәдени байланыстағы орны» тақырыбында Кристина Кодо, Янош Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры (Будапешт қаласы, Венгрия); «Сарайшық – қазақ хандығының астанасы» тақырыбы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Мұстафин, «Қазақ тіліндегі этно-мәдени байланыстар көрінісі» тақырыбында  филология ғылымдарының кандидаты Ж.Әбдірахманова, «Қазақ хандығының құрылуы – ел тарихындағы аса маңызды белес» тақырыбы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты Г.Қайырғалиева баяндамаларын оқыды. Ал, профессорлар А.Шамғонов, С.Камелова Сарайшық қаласының маңызы мен тарихты қайта түлетуге қатысты ойларымен бөлісті.

Шара барысында «Мәңгілік ел және Ұлытау ұлағаты» кітап көрмесі жасақталып, оның таныстырылымы өтті. 

            

Айгүл ЕРТІЛЕУ.              

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button