Жарнама
Қоғам

«МӘҢГІ ӨШПЕС ТҰЛҒА»

 

Атырау қалалық әкімдігінің бастамасымен Атырау политехникалық колледжінің ұжымы және майдангер жерлесіміздің ұрпақтары қатыс-қан шара барысында Томарлы селосында Қайырғали Смағұлов туып-өскен көшеге ескерткіш тақта орнатылды. Оған қатысушылар батырдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында Балықшы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әлібек Түсіпәлиев батырдың ерлігін өскелең ұрпаққа айтып, жеткізе беру қажеттігін айтса, майдангердің ұлы Хамит Смағұлов жастарға  Қайырғали Смағұловтың ерекше қасиеттерін әңгімеледі. Ұйымдастырылып жатқан істерге ұрпақтары атынан алғыс білдірді. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Студенттер мен Қайыршақты селосының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.  Селолық окургтің әкімі Шапхат Қалиев қолға алынып жатқан мұндай шаралардың жастарға патриоттық тәрбие берудегі маңыздылығын айтты.

Одан әрі аталған колледждің директоры Бақыт Шеркешбаева және оқу орнының ардагер ұстазы Нұрсұлтан Достанов сөз алып, бүгінгі бейбіт өмірдің оңай келмегенін, бұл құндылықты көздің қарашығындай сақтау басты міндет екенін жеткізді. Шара барысында батыр Қайырғали Смағұлов туралы бейнесюжеттер де көрсетілді. Томарлы ауылының кітапханасы «Қаһарлы жылдар шежіресі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

«Асылын ардақтаған ел тозбайды» демекші, есімі мәңгі өшпес тұлғаның ерлігін насихаттаудағы бұл шаралар жалғасын таба бермек. Жуырда аймақта «Атырау-Керчь» экспедициясы құрылып, бір топ атыраулық Қайырғали Смағұлов азат еткен Керчь қаласына барып, Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне тағзым етіп қайтқан болса, енді батырдың ұрпақтары мамыр айында Керчь қаласына аттанбақ.

Алтыншаш

 НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button