Жарнама
Қоғам

«Мұражай түні» өткенді білуге, тарихты қадірлеуге үндейді

Дүние жүзілік мұражайлар күні қарсаңында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Рашида ХАРИПОВАМЕН  мұражай тарихы, қазіргі таңдағы жоспарланған жұмыстар жайында әңгімелескен едік. Сәті түскен сұхбатты оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Рашида Ерімқызы, дүние-жүзілік мұражайлар күнін өзіңіз басқарып отырған ұжым қалай қарсыламақ?

— Халықаралық мұражайлар күніне орай «Мұражай түнін» ұйымдастырмақпыз. Этнография залында зергерлік бұйымдардан «VERO Modelz» сән әлемі модельдерінің қатысуымен дефиле өткізілмек. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Суретшілер академиясының академигі Камила Жапалованың батик өнерінен шеберлік сағаттары табиғат залының ажарын ашары сөзсіз. Сондай-ақ, ХІІ-ХХ ғасырларға жұмбақ саяхат жасалып, онда Бейбарыс сұлтан, Жәңгір хан мен Фатима ханым, басқа да тарихи тұлғалар келушілерге өз құпиясын ашады. Бұл шара майшам және шырағдандар, қол шамның жарығында өтетіндіктен, балаларды ата-анасының қатысуымен ғана кіргізетін боламыз. Өзімізден шыққан батырларымызды мақтан тұту, жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы «Жеңіс тарихы» деректі фильмі тамашаланады. Ол көрермендерді 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы залында қарсылайды.

Біздің мұражайда өнерді дәріптеуге де кеңінен көңіл бөлінуде. «Шабыт» фестивалінің лауреаттары Әлия Дәулетбаева мен Бақытгүл Бабашпен жүргізілетін сыр-сұхбат осының айғағы. Келесі бір қызықты шара – мұражай қорындағы сөмкелер коллекциясы көрмесі. Біздің мұражай қорында Меллят Сабырова апамыздың қол сөмкесі, флот адмиралы Л.А.Владимирскийдің портфелі, журналист, жазушы Н.Әбутәлиевтің порт-фелі бар. «Тарихтың дауысты шежіресі» эпостық жырлар, қазақ, орыс халық ертегілерінен қойылымдар, зергерлік, қолөнер  бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі де көрерменнен қолдау табары анық. Тағы бір айтуға тұратын жаңалық, жас саяхатшылар клубы мүшелерінің жұмысын қорытындылап, сертификат беріледі. Клуб мүшелері экспозициялармен таныстырып, экскурсия жасайды. Экспонаттарды ұстап суретке түсуге рұхсат етіледі. Жәй күндері ондай суретке түсу – ақылы негізде.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button