ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ШАҢЫРАҒЫ

astanakynЕлбасы өз мақаласында Елорданың 15 жыл ішінде қол жеткізген табыстарын таразылап, болашағын болжаған. Расымен де ел астанасын аралаған әр адамға алып шаһар шалқар шабыт сыйлайды.
Елбасы шетелдік демограф ғалымдардың Елорданы ауыстырған сәтте Астана халқының саны 800 мыңға 2030 жылы жетеді деп болжағанын алға тартады. Ал, мұндай көрсеткішке біз небәрі он бес жыл ішінде-ақ жетіп отырмыз. Бұл мақтануға тұрарлық жайт.

Сондай-ақ, Президентіміз креативті Астана жөнінде: «Ежелгі дүниеде Рим жеті төбеде орналасқан деген сөз бар. Мәскеу туралы да осылай дейді. Астана туралы сегіз желдің өтінде тұр деп айтуға болады. Мұнда желдің соғысы өте жиі, тіпті күніне бірнеше рет өзгеріп тұрады. Бірақ, астаналық тұрғындардың ерік-жігері Сарыарқадағы жел қуатымен тең түседі», – деп нық сеніммен айтады. Бұл сөзінің де жаны бар, қатал климат астаналықтардың ерік-жігерін қайта шыңдай түскендей. Ал, Астананы дүниеге әкелген бір адам емес, күллі Қазақ елі, барша жұрт болып бас қаламыздың кірпішін қаладық, сүттей ұйыған ұлт пен ұлыстың шаңырағын тұрғыздық.
Аз ғана уақытта тыңғылықты істер атқарсақ та, алдымызда абыройлы міндеттер тұр. Солардың бірі – осы ЭКСПО көрмесін ең жоғары деңгейде өткізу. Ол біздің қолымыздан келеді. Олай дейтінім, бастамашылдық рух пен жалынды жігер – қанымызға сіңген қасиеттер.

Нұрхат ШАЙХИЕВ,
мұнайшы.
Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз