Жарнама
Қоғам

ҰЛТ МӘДЕНИЕТІН ТАНИМЫЗ

 

Барша оқырман қауымға жол тартқан жаңа кітапты оқи отырып, өте жеңіл де,  жатық тілмен жеткізілген Елбасының өнегелі өмірінде қазақ халқының болмыс-бітімi мен салт-дәстүрі қаз-қалпында суреттелуінен ұлт мәдениетін тануға болады. Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан бері халқын ұлы мұраттарға бастап келе жатқан Ұлт Көшбасшысының әр қадамы ғибратты естеліктерге толы. Бабалар аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген Елбасы  Н.Назарбаевтың еңбегі, қайраткерлігі, ел дамуының ерекше қарқын алуына зор ықпалы бар.

Елді біріктіріп, көрегенді саясатымен көш бастаған тұлғаның жасынан зеректігі, еңбекқорлығы, білімге құштар ізденісі, Қазақ елін бүкіл әлемге танытып өркенді ел санатына қосып отырғаны осы шығармада өте қызықты оқиғалармен жүйеленіп, баяндалады. Бұл тағылымды туынды Қазақ елі үшін рухани мәні зор дүние деп білеміз. 

Өйткені, Н.Назарбаевтың  бұл кітапта заман талабы, қоғам ахуалы жайында өте қарапайым тілмен нақты жауап беруі оқырманның жүрегіне патриоттық сезім ұялатып, елжандылық, отаншылдық рух сыйлайтыны сөзсіз. Терең толғаныспен жазылған бұл еңбек барша қазақ жұртының белестерді бағындыруына себеп боларлық. 

Қазақстан магниткасын өркендету жолындағы қажырлы еңбегі, онымен иықтаса еңбек еткен жандардың алдындағы ұтымды іс-қимылы, кімді болса да қызықтырып, қарапайым еңбектен ел қадірлеген тұлға болып қалыптасу деңгейі – өркениетті қоғам азаматтарына үлгі.

Кітапта баяндалған келешектің жарқын жолын салып берген тұлғаның өнегелі ісі өскелең ұрпақ тағдырына ықпалы зор мағлұмат боларына күмән келтірмейміз. Берекелі өміріміздің мәні – тәуелсіз еліміздің Көшбасшысына деген құрметтің арта түскені болашаққа деген сенімді нығайтпақ. Нұрсұлтан Әбішұлының өмір өткелдерінен сан тараулы деректерді түйіндеп, бүгінгі тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы мен татулығын сақтап тұру оңайлықпен келмегенін білуге болады. Оның көшбасшылық қабілеті елдің экономикасын өркендетіп, әлеуетін арттырумен қатар, қоғам ішіндегі ымыралы байланыс орнатудағы өміршең іс-қимылы құнды дерек боп топтасқан.

Лена НҰРБАЕВА,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Мақат ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button