Жарнама
Қоғам

ҮЛЕСКЕРЛЕРДЕН – ҮЛКЕН ҮМІТ

Қазақстанда құрылысы әлдеқашан аяқталса да, өндіріс қуатын арттыруға инвестиция жеткізе алмай отырған кәсіпорындар аз емес. Солардың қатарында Атырау мұнай өңдеу зауытындағы хош иісті көмірсутегілерін шығаратын кешен құрылысы. Оның аяқталуы да белгіленген уақыттан кешігіп отыр. Жобаны жүзеге асыруды өз мойнына алған қытайлық компания шетелден жұмыс күшін тартуға рұқсатты кеш алып, біраз құжаттарды рәсімдеуге уақытты оздырып алған болатын. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс құрылыс жұмыстары келер жылдың шілдесінде мәресіне жетпекші. Сондай-ақ, Индустрияландыру картасына өңірдегі балық шаруашылығы саласын жаңғырту жобасы да енгізілген.
— Қазір «Атырау балық» мекемесі толықтай банкрот деп танылып, 400-ден аса жұмысшысы таратылды, — деді жиынға онлайн жүйесінде қатысқан облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов. — Барлық дүние-мүлкі есепке алынып, орталыққа жолданды. Бұдан бөлек, «Жайық балық» ЖШС-ін құруға жұмыстанудамыз. Мекеменің құжаттарын «Атырау бекіре шабақтарын өсіру» зауытына сенімгерлік басқаруға беру үшін Үкіметтен қаулы күтіп отырмыз.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.
Сурет Ерлан АЛТЫБАЕВТІКІ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button