ҰЛАҒАТТЫҢ ҚАЙНАРЫ
Кітапта Елбасы өзінің шыққан тегінен бастап, балалық шағы, мектептегі кезі, Днепродзержинскідегі жастық жылдары, Теміртаудағы құрыш құйған сәттерінен сыр шертеді. Барлығы 16 тараудан тұратын туындыда тәуелсіздік алған 1991 жылдан кейінгі Мемлекет басшысының өзі туралы естеліктері сөз болады. Жалпы алғанда, Елбасы көбіне-көп ел дамуы мен әлемдік саясат жөнінде еңбектер жазғаны белгілі. Ал, Президенттің өмір жолы мен саясаттан ойып алған орны жайында алғаш рет «Әділеттің ақ жолы» атты кітабынан оқыған едім. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында осыған дейінгі беймәлім болып келген сырлары мен қырлары жан-жақты шебер ашылған.
— 1991 жылы Тәуелсіздік жарияланғанға дейін Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасынан жарық көрген кітабымда өмірбаянымның өткелдері жайында біршама әңгімелеген едім. Одан бері де ширек ғасырдай уақыт өтті. Өмір өзгерді. Сана өзгерді. Кейінірек шыққан «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан жолы» кітаптарымда негізінен экономиканың, саясаттың мәселелері қозғалды. Оларда өзім туралы әңгімелеп жатуды артық көрдім. Сауытбек ұсынған сұхбат жанры өз бетінше қозғаудың кілтін таба бермейтін жайларды айтуға жақсы мүмкіндік жасайды екен. Ал, дұрысында, айтатын жай жеткілікті, — деп сыр бөліседі Ұлт Кемеңгері төл туындысында.
Азамат ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ,
Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Мақат ауданы, Доссор кенті.