Қоғам
ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, аталған қылмыстық топ заңға қарсы әрекеттерін бұрынғы химзауыттың аумағында жүзеге асырыпты. Оны тінту барысында шикі мұнай тиеген және «тұрмыстық композитті отын» деген жалған ілеспе құжаттары бар Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы коммерциялық ұйымға тиесілі «МАЗ» маркалы автокөлігі ұсталған.
— Мұнда сыйымдылығы әртүрлі он бестен астам мұнайға ұқсас қара түсті сұйықтық толтырылған ыдыстар орналастырылған өндірістік цех анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге жіберілген өнімдердің мұнай екені белгілі болды, — дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі.
Қазіргі күні осы жағдайға байланысты қылмыстық іс көтерілді.
Бек АЙДАРӘЛИ.