
Көтерілген мәселе назардан тыс қалмауы тиіс!
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаевтың Атырау өңіріне іссапары құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесуден басталды.

Облыстық полиция департаментінде өткен басқосуды ведомство бастығы, полиция генерал-майоры Нұрым Оразбаев кіріспе сөзбен ашты. Келесі кезекте мәжілісмен Серік Сәрсенұлы төменгі палатадағы «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріп, жауап алынған депутаттық сауалдар туралы әңгімеледі. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламалары мен басымдық берілген бағыттарын да тілге тиек етті.
Бұдан кейін осы саладағы өзекті мәселелерге қатысты ашық пікір алмасуға кезек берілді. Азаматтарды көбірек мазалайтын жайт – Грузия елінен елімізге кіріп жатқан автомобильдердің жайы болды. Бұл мәселені ушықтырмай шешу, сондай-ақ оларды кеденнен өткен кезде уақтылы тіркеу қажеттігі алға тартылды.
Сонымен қатар Атырау–Астрахан тас жолына қатысты да проблема қозғалды. Аталған жолды қабылдау кезінде комиссия құрамына міндетті түрде полиция басқармасынан өкілдер енгізу керектігі айтылды.
Дәулетқали АРУЕВ