КӨРКЕМ ТІЛ – КӨРІКТІ ЖАРНАМА

Қызылқоға ауданы бойынша 160 көше және 215 көрнекі ақпарат құралдары есепке алынған. Барлық көшелер «Мекен-жай тіркелімі» базасына енгізіліп, осы база бойынша көше атауларының кезінде жіберілген қателерін түзету үшін облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс түсіріліп, түзетілген. Аудандық бюджеттен ауылдық-селолық округтер бойынша көрнекіліктерге, билборд және қалқанша (лайтбокс), көше сілтемелері, реттік нөмірлерді жаңартуға біршама қаражат бөлінген.

Аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында өткен V-сайланған Қызылқоға аудандық мәслихатының кезекті ХХVII сессиясында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жәния Ізбасқан «Қызылқоға ауданы бойынша барлық округтердегі көрнекі құралдарды (көше атауы, көше сілтемелері, барлық жарнама түрлері, маңдайша атаулары, билбордтар, т.б.) орналастыру жайы туралы» хабарлама жасады.

Сессияда аудандық мәслихаттың депутаты Құлмағанбет Қоданов сөйлеп, күні кеше 70 жылдық мерейтойын атап өткен аудан орталығы – Миялы селосының келбеті күн өткен сайын жасарып, айналаға ерекше сән беріп отырғандығын тілге тиек етті.

Аудан әкімінің орынбасары Бибоз Шаяхметов бұл бағыттағы жұмыстарға бюджеттен қаражат сұраныс бойынша бөлініп отырғандығын, сондықтан ауыл-село әкімдері елді мекендердегі көрнекілік жұмыстарының маңыздылығына ерекше мән беруі қажеттігін атап көрсетті.

Мағрупа ҚАЗИХАН,

Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз