КӨРГЕНІ КӨП КӨШ БАСТАЙДЫ
Бастауыш ұйымдарда өткізілген жиналыстарға есепте тұратын зейнеткерлердің орташа 65,5 пайызы қатыстырылды. Бұл бұрынғы еңбек ұжымдары жоқ зейнеткер қауым үшін жаман көрсеткіш емес деп санаймыз.
Әрине, аға ұрпақ өкілдері негізінен, аудан, ауыл көлеміндегі шешілмей тұрған проблемаларды өрбіткен. Мәселен, Индер ауданындағы жиында ұйым су мәселесін ерекше көтерді. Сол себепті, мәселе жергілікті биліктің араласуымен шұғыл шешілді. Мұндай мысалдарды көптеп айтуға болады. Мысалы, Құрманғазы ауданында ардагерлер Шарон өзені суының азаюына байланысты жайылым проблемасын Ресей арқылы реттеу мәселесін Үкімет алдына қою, Парламент депутаттарының округтерге сапарын ұйымдастыру жайын көтерді. «Осы ретте ардагерлермен түрлі бағыттағы саяхаттар ұйымдастырылса» деген ұсыныс та болды.
Ардагерлеріміздің жас
ұрпақ тәрбиесіне араласуы – бүгінгі таңда еліміз бойынша ең өзекті мәселе болып отыр. Мемлекет саясатын насихаттау жолында аға буын белсенділігін арттыру жайы да күн тәртібінен түспейді.
Шарбақшал атанбай, ауылға сыйлы қария, батагөй, ақылшы ақсақал дәрежесінде болу да маңызды. Осы ізгілікті мақсаттар үшін облыстық ардагерлер кеңесі барлық оқу орындары студенттері арасында Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы шәкіртақыны тағайындады. Ал, күні бүгін іс басында, қызу еңбек ортасындағыларды ынталандыру ниетімен Социалистік Еңбек Ері, екі мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі төралқа мүшесі болған Сақан Дәулетқалиев атындағы жүлде өз иесін табуда.
2011 жылы Махамбет атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылған «Ардагерлер әуендері» атты ретро-концерт те жоғары дәрежеде өтті. Лық толған театр, көрермендердің ықыласы әсер еткен болуы керек, халықтың сұрауы бойынша сол концерт жергілікті телеарнадан қайта көрсетілді. Оған қатынасқан ардагерлеріміздің өмірі жөнінде кітапша шығарылды.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы-
на арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты республикалық фестиваль да өз дәрежесінде өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Николай Григорьевич Панов көркемсөз номинациясы бойынша І орын алып, диплом және жүз мың теңге көлеміндегі арнайы сыйға ие болды.
Құрманғазы ауданы, Орлы
ауылдық округіндегі қоғамдық мұражайдың жетекшісі Сара Алпысқызының орасан зор жұмыстарын да атап өту керек. Елге танымал болған, соғысқа қатысқан, тылда еңбек еткен, хабарсыз кеткен абыройлы азаматтар туралы ел ішінен қырық жыл бойы деректі материалдар жинап, мұражайда әдемі бұрыштар, фотостенділер жасап, халыққа паш етіп отыр.
Соғыстан аман оралған ардагерлеріміздің елдегі еңбек майданындағы өмір жолдары туралы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесіп «Мәңгілік мінәжат» аталатын құнды кітап жарыққа шықты. Ерекшелігі сол, кітап мұрағат материалдарынан тұрады.
Жеңістің 70 жылдығын өз дәрежесінде атап өтуде Атырау өңірі өзгелерден озық тұрды. Өйткені, осы мереке құрметіне 25 мың боздақтың тізімін жазып «Естелік қабырға» орнатқан Атырау – ел ішіндегі жалғыз облыс болды.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің басшылығымен соғыс батырларына арналған «Ардагерлер күні» шарасының өткізілуі де үлкен қамқорлықтың белгісі. Оның жоспарына сәйкес, Қайырғали Смағұлов ағамыздың батырлық көрсеткен Керчь қаласына арнайы экспедиция барып келді. Бұған «Ембімұнайгаз» АҚ демеушілік жасады. Мереке өткенімен, Атырау қалалық ардагерлер кеңесі сол үрдісті жалғастыра беруі тиіс.
Ардагерлер әркез сапта
болады. Ұрпақ, қоғам тәрбиесі үшін де ең маңыздысы – осы.
Қатимолла РИЗУАНОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
«Елсана» аталатын ұлттық руханият бірлестігі қыруар іс тындырып отыр. Облыстық ардагерлер кеңесі «Елсанаға» әрдайым белсенділеріміздің көптеп қатынасуына мүдделілік танытуда. Бірлесе жұмыс жасау бағытында облыс халқына аға ұрпақ атынан Үндеу қабылдап, газетке жарияладық. Жергілікті ұйымдарымыз да қолдан келген көмектерін ұсынуда.
Өткен жылы бастауыш ардагерлер ұйымдарының облыстық байқауы қорытындыланды. Жарыс жеңімпаздары облыстық кеңестің Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Есепті мерзім ішінде облыстық ардагерлер кеңесі барлық қала-аудандық кеңестеріміздің төрағалары, облыстық салалық ардагерлер ұйым жетекшілері және комиссияларымыздың төрағаларының қатысуымен Индер, Мақат, Құрманғазы, Жылыой аудандарында тақырыптық семинарлар өткізді.