Қоғам

ҚОЛЫ АШЫҚ БОТАГӨЗДІҢ ЖОЛЫ ДА АШЫҚ

Жақында аталмыш сауда орталығында «Тұтынушы, қалаған затыңызды ұтып ал!» атты акция өткізілді.Онда 20-30 пайызға арзандатылған тұрмыстық техника мен киім-кешектер ұтысқа түскен билеттер мен купондар арқылы ойналды. Осы орайда тұтынушылар арасында түрлі-түсті теледидар, тоңазытқыш, кіржуғыш машинасы, шаңсорғыш, шай жабдығы, өзге де тұрмыстық заттарды ұтқандар көп болды. Сондай-ақ, соңғы үлгіде тігілген костюм, жейделерге қол жеткізген жастардың қуаныштарында да шек болмады.
Мұндай акциялар мен қайырымдылық шараларды өткізу бұл сауда үйінде дәстүрге енген. Жыл сайын сауда үйінің иесі, жеке кәсіпкер Ботагөз Құсайынқызының демеушілігімен жетім балалар мен қарттар үйлері, интернат тәрбиеленушілері, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету назардан тыс қалған емес. Ибалылық пен имандылыққа жақын, қолы ашық Ботагөз Дүйсебаеваның мұндай жомарттық ісі өзге әріптестеріне үлгі-өнеге болғандай.

Ғ.ИСАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button