Жарнама
Қоғам

Климаттық дағдарыс: адамзаттың ортақ тағдыры

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың діннің қоғамдағы жасампаз рөлі мен экологиялық қауіпсіздікке байланысты айтқан тұжырымдары – бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің айқын көрінісі. Шын мәнінде, діни конфессиялар әрқашан халыққа қолдау көрсетіп, қиындықтарды еңсеруде, ізгілік пен мейірім таратуда ерекше рөл атқарып келген. Президент атап өткендей, дін қайраткерлерінің қоғамды бірлікке, игі істерге шақыруы – бүгінгі заман үшін де маңызды құндылық.

ca9c89c9 e031 4326 86a5 286914874706

Сонымен қатар, климат өзгерісі мен экологиялық дағдарыс – әр отбасының, әр азаматтың алдындағы үлкен сын-қатер. Әсіресе, Орталық Азиядағы құрғақшылық пен тұщы судың азаюы, мұздықтардың еріп кетуі – келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін мәселе. Бұл жағдай тек экономикалық немесе ғылыми тұрғыдан ғана емес, ең алдымен, адамзаттық құндылықтар тұрғысынан қаралуы қажет. Президенттің осы мәселені дін көшбасшылары деңгейінде көтеріп, климатқа қатысты бірлескен құжат әзірлеуді ұсынуы – Қазақстанның жаһандық экологиялық жауапкершілікті бөлісуге дайын екенін айқындайды.

Біз, жергілікті деңгейдегі өкілді органның мүшелері ретінде, мемлекет саясатына үн қосып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды, жастарды табиғатты аялауға баулуды басты бағыт етіп алуымыз керек. Өңірлік деңгейде экологиялық бағдарламаларды қолдау, жасыл аймақтарды көбейту, суды үнемдеу мәдениетін дамыту сияқты жұмыстарға басымдық беру – уақыт талабы.

Президентіміздің бастамалары – ел болашағы үшін стратегиялық шешімдер. Сондықтан оны орындауға әрқайсымыз атсалысып, табиғатты қорғауға және қоғамды ізгілікке үндейтін игі істерге жұмыла білуіміз қажет.

Альберт АҚҚАЙНАНОВ,

«AMANAT» партиясы Қызылқоға аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button