Кикбокстан Қазақстан чемпионатында атыраулық спортшылар үш медаль еншіледі
24-28 сәуір аралығында өткен Өскемен қаласындағы «Жекпе-жек» сарайында кикбоксингтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
5 күнге созылған ел біріншілігінде Қазақстанның барлық өңірлерінен спортшылар жиналып, әлем чемпионатына жолдаманы сарапқа салды.
Жарыс қорытындысы бойынша, Атырау облысы жастар құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.
Атыраудың намысын қорғауға аттанған Сәлімгереев Сәлімжан қарсыластарының барлығын тізе бүктіріп, 8 дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Ал Жұмағазиева Диана күміс жүлде иеленсе, Шамболов Аян қола медалға ие болды.
Енді қыркүйек айында өтетін жастар мен жасөспірімдер арасындағы кикбоксингтен әлем чемпионатында ел намысын Сәлімгереев Сәлімжан қорғайтын болады.
Айта кету керек, жасөспірімдер арасында өткен кикбкостан атыраулық 5 спортшы Павлодарда өткен Қазақстанда чемпионатында жеңіске жетіп, әлем біріншілігіне жолдама ұтып алған болатын.
Хорлан Смадияр