Жарнама
Қоғам

«ХАТ ЖАЗДЫМ, ҚАЛАМ АЛЫП…»

 Шалғай ауданның бірі — сонау Қызылқоға топырағынан жолданған хат авторы — Қызылқоға аудандық сотының жетекші маманы С.Нұрғалиева. Ол өзінің мақаласында ҚР аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуы тиіс екенін айтады. Осылайша, кішкене бала емес, үлкен, саналы адамдардың қоғамдық орындарда мәдениетсіздігін, қоғамдық тәртіпті бұзатындарын, белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды лақтыра салатынын, темекі тұқылын тастап кететіндерін ашына баяндайды. «Өкінішке орай, — дейді автор, — мұндай ұсақ құқық бұзушылықтар азаймауда, оларға тәртіптік шаралар алу керек».

Құрманғазы аудандық сотының бас маманы С.Қыдыршаев отбасынан ажырасқан көптеген әкелердің басындағы мәселені сөз етеді. Сөйтіп, ол жұмыс орнын әдейі жасырып, туған баласына алимент төлеуден жалтарғандарды жазады. Ал, УГ-157/1 мекемесі тәрбие бөлімінің аға нұсқаушысы, әділет аға лейтенанты М.Айтжанова осы мекемеде өтіп тұратын мәдени-көпшілік шаралар туралы айтса, Атырау қаласы прокурорының ағакөмекшісі Ж.Дияров жұртшылыққа Тіл туралы заңды түсіндірген.

Бұлардан басқа ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайыесепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының бөлім прокуроры А.Апсалямованың «Сот қаулыларын орындаудағы мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың мәртебесі, олардың негізгі айырмашылықтары», Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті пост-кедендік бақылаубасқармасы шартты шығарылған тауарларды бақылау бөлімінің басшысы  С.Түменовтің «ҚР-ның кеден органдары жүргізетін камералдық тексерулер», Махамбет ауданы прокурорыныңаға көмекшісі, кіші әділет кеңесшісі А.Буденованың «Ішімдіктің кесірі», Қызылқоға аудандық сотының бас маманы А.Сенғалидың «Жол ережесін сақтамаған жол-көлік оқиғасына ұшырады» атты мақалалары өз саласының өзекті мәселелерін қозғаған.    

Ендігі бір топ хат сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар турасында баяндайды. Олар — №4 қалалық емхананың бас дәрігері К.Сұлтанғалиеваның, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маман заңгері Д.Мұхтаровтың, Қызылқоға аудандық сотының бас маманы Б.Абдуалиеваның және басқаларының мақалалары. Автордың қай-қайсысы да «қоғамымыздағы келеңсіздіктердің бәрі осы сыбайлас жемқорлықтан, жең ұшынан жалғасудан басталады» деген ортақ тұжырым жасайды.

Л.шайхмеденқызы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button