ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ – ЕЛБАСЫ
Сөйтіп, халық өз таңдауын жасады.Ел ертеңін сенімді қолға тапсырған көпшіліктің қуанышында шек жоқ. Мен де Қазақстан азаматы ретінде өз дауысымды беріп, азаматтық парызымды өтедім. Мен сияқты барша қазақстандықтар да саяси науқанға бір адамның баласындай қатысты.Бүгінгі күні халық өз дауыстарының қаншалықта маңызды екендіктеріне көз жеткізіп отыр. Сайлаудың өту барысын 858 байқаушы Президент сайлауының заң талаптарына сай өткізілуін қадағалады. Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымынан, ТМД-дан, түркі мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінен,түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясынан, ислам ынтымақтастығы ұйымынан және шет мемлекеттерден сандаған өкілдер қатысты. Сондай-ақ, 37 мемлекеттің журналистері аккредитация алды.Осының өзі Президент сайлауының ашық өткендігін көрсетіп тұр.
Елі сүйген, туған халқы қолдаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа көптің таңдауы түсті. Еліміздің болашағы мен тағдыры сеніп тапсырылатын тұлғаның есімі белгілі болды Атағы алысқа кеткен Қазақстандай алып мемлекетіміздің одан әрі қуаттануы, экономикасы дамып, әлеуметтік-рухани саланың өркендеуі – халықтың бақытты өмірінің кепілі.Бұл жолда қолға алынған жанды да, жалынды істер, сан тарау реформалар мен инновациялық бағдарламалар бар.
«Халық қаласа – хан түйесін сояды» деген аталы сөз бар қазақта. Ендеше, біз өзіміздің азаматтық таңдауымызды жасадық.Ендігі жерде алдағы міндет айқын, мақсат белгілі. Сондықтан, бастаған істі одан әрі жандандырып, Елбасының идеяларын жүзеге асыру жолында бар күш-жігерімізбен еңбек ету ғана алдымызда тұр.
Мағауия Шырдабаев,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, экономика ғылымының докторы, профессор.