КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ БАСТАЙТЫН ШЕШІМ
Қиын да күрделі, әлемдік тұрақсыздық белең алып отырған бүгінгі таңда Елбасына сенім артудың еліміз үшін маңызы зор.
Бұл бастаманың орындалуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасының жемісті жүзеге асырылып, ұзақ мерзімді стратегияны орындауға, уақыт сынынан сүрінбей өтуге мүмкіндік беретініне сенім мол. Саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған ұсыныс шешімін тауып, мемлекетіміздің саяси аренадағы беделін арттырып, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіне ықпал етеді деген сенімдемін.
Елбасы Жолдауда тайға таңба басқандай атап көрсеткен негізгі міндеттер бастамасын тапқан ауқымды істердің әрі қарай жүзеге асуына, халқымыздың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына мүмкіндік береді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Елбасының көрегендігінің арқасында талай сындардан сүрінбей өтіп келеді. Мемлекет басшысы көпұлтты еліміздегі береке-бірлікті нығайтып, саяси, әлеуметтік тұрақтылықтың берік орнығуымен қоса, әр түрлі салалардың, соның ішінде, шағын және орта бизнестің дамуына ұйытқы болды. Осы бағытта ол Үкіметке кәсіпкерлікті, дамытуға тың серпіліс беретін жүйелі іс-шараларды дайындап, оны жүзеге асыруды, бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыруға қол жеткізуді нақты тапсырды. Осы мақсатта Елбасының қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры құрылып, белсенді жұмыс жүргізуде. Бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да ауқымды істер атқаруда. Сонымен қатар, саланы өркендете түсіру үшін нақты мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда.
Бұлардың барлығы – Мемлекет басшысының таразыланып, талданып, ширыққан ойларынан туындаған бағдарлар. Демек, оларды толық жүзеге асыру жолында біз басталған жұмысты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге жалғастыра беруіміз керек. Сонда ғана нәтиже болады.
Әлия БЕКҚОЖИЕВА,
Облыстық кәсіпкерлер және
жұмыс берушілер одағының
төрайымы.