Жарнама
Қоғам

«ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН!»

Жеті кезеңнен тұратын спорттық жарысқа төрт отбасы белсенділікпен қатысты. Онда жылдамдыққа жүгіру, допты алып, мәреге бірінші жету сынды талаптар қойылды. Тапқырлық танытып, ептілігін көрсете білген топқа жанкүйерлер де қолдау көрсетті.
Бір сағатқа созылған сайыс өте тартысты өтті. Қорытынды бойынша Хафизовтар отбасы жеңіске жетіп, арнайы марапатқа ие болды. Екінші орын Лұқпановтар отбасына, үшінші орын Олжағалиевтер отбасына бұйырса, төртінші орыннан Жакиевтер отбасы көрінді.
«Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықовтың айтуынша, алдағы уақытта осындай сайыстар жиі өткізілуі керек. Бұл оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруда, ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда тиімді болмақ.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button