КЕЛЕҢСІЗДІККЕ – ЖОЛ ЖОҚ!
Қоғамдағы келеңсіз құбылыстың алдын алу және болдырмау мақсатын көздеген құжат бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатып, осы тақырыпта «дөңгелек үстел», лекция, семинарлар өткізуді қамтиды.
Сондай-ақ, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыру, клиенттер ұсынған құжаттарды орындамай, негізсіз қайтару деректеріне жол бермеу негізгі қағидалар болып табылады.
Бұдан басқа жыл бойына облыстық прокуратурамен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, тоқсан сайын бірқатар шаралар ұйымдастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуде «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі» негізге алынған. Жұмыстар «Қазынашылық клиент» ақпараттық жүйесі бойынша орындалмаса, мемлекеттік мекемелерге кері қайтарылады.
Сонымен қатар, азаматтардан түскен арыз-шағымдар дер кезінде қаралады. Ол үшін қазынашылық департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінде арнайы жәшіктер орнатылған.
Түйіндеп айтқанда, департамент алқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жиі қаралып, сол тұрғыда нақты шешімдер қабылданады. Бюджет саласында жемқорлыққа жол бермеу шаралары тұрақты бақылауда.
Л.КАЛМЫКОВА, Атырау облысы бойынша қазынашылық департаментінің заң қызметі бөлімінің басшысы.