Жарнама
Қоғам

«КАСПИЙ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ЖАРҚЫРАДЫ

 

Жарыстың ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұржан Ермұханов, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова мен облыстық көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Бекқожиева спортшыларға сәттілік тілеп, бірқатар спортшыларға спорт шеберіне үміткер куәліктері табыстады. Әнұран ойналып, көк Ту көтерілді.

Чемпионат жекелей және топтық бағдарлама арқылы өтті. Спортшылар әуенге сай қимылдауға тырысып, көрермендердің шексіз қошеметіне ие болды. Және киімдері де сай таңдалған.

Екі күнге созылған чемпионатта атыраулық Эмилия Бекболатова мен Эльнара Нұршаева, астрахандық Елизавета Иванова мен Екатерина Мелешина, қарағандылық Дамила Ысқақовалар жүлделі І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, атыраулық Іңкәр Жолмағамбетова, Ясмин Зверховская, алматылық Валерия Антонова, қарағандылық Алина Коваль, астрахандық Элия Шишлова және тағы басқалар жарыстың жүлдегерлері атанып, оларға медаль, диплом, ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, барлық төрешілер мен жаттықтырушылар да марапатталды. Келер жылы көркем гимнастикадан ел чемпионаты Атырауда өтетіні хабарланды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button