ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ

Таяуда, «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының қолдауымен жергілікті мәслихат депутаттары мен жастар қанаты белсенділері мүмкіндігі шектеулі балаларға және көп балалы отбасыларына азық-түлік себеттерін табыстады. Бұл – әр жылы өткізіліп келе жатқан тұрақты шара.

 

Бұл күні аналардың да, балалардың да қуанышында шек болмады. Мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған Айнагүл Бекбасарова жиналғандар атынан «ақжолдықтарға» ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз