Жарнама
Қоғам

Көше спортынан жарыстар ұйымдастырылады

Атырауда 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Street Workout» турнирінің қалалық іріктеу кезеңдері өтеді, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

DSC_0018

Бүгінде Ұлттық Олимпиада Комитетінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде «Street Workout»-пен айналысуға барлық мүмкіндіктер жасалған және көптеген спорттық нысандар салынуда. Атырау қаласында да осындай бірнеше көше спортымен айналысуға лайықталған алаңқайлар бар.

Жастарды көше спортына тарту үшін осындай турнирлерді көптеп ұйымдастырмақшымыз. Қаламызда бірнеше спортпен шұғылдануға арналған алаңқайлар бой көтерген. Сол жерлердің барлығында да жарыстар ұйымдастырылады. Үздік шыққандар 1 маусым күні ақтық сайыста күш сынасатын болады, — дейді қалалық спорт бөлімінің басшысы Ибрагимов Ринат.

DSC_0116

Іріктеу төрт кезеңінен тұрады:

1-ші кезең: 1 мамыр күні Қ. Сұмағұлов аллеясындағы «Бар барс» спорттық алаңында.

2-ші кезең: 7 мамыр күні Привокзальный 5-ші мөлтек ауданында.

3-ші кезең: 20-шы мамыр күні Геолог ауылдық округінде.

4-ші кезең: 27-ші маусым күні Нұрсая мөлтек ауданында.

Тіркелу 16:00-де, сайыстар 17:00-де басталады.

Барлық кезеңнен үздік шыққан қатысушылар 1-ші маусым күні өтетін финалдық кезеңге қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

 

Хорлан СМАДИЯР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button