КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Атырау қалалық мәслихатының депутаты Бақыт Шеркешбаева партия филиалының «Жұмыспен қамту және халық табысы» бағыты бойынша жасалып жатқан жұмыстар барысымен таныстырды.
— Қала тұрғындарының еңбек нарығында сұранысқа ие, қазіргі заманғы жалақысы көп төленетін кәсіптерді игеруге бағытталған жұмыстарына мониторинг жүргізу мақсатында сараптама тобының төрт отырысы өтті. Мұнда атқарушы органдардың есептері тыңдалып, құнды ұсыныстар партияның орталық аппаратына және Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілі-сіне жолданды. Мүгедектерді жұмыспен қамту бойынша өткен жылы жеті бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізіліп, оған 500 мүгедек қатысты. Оның 27-сі тұрақты жұмыспен қамтылды, — деді ол. Сондай-ақ, партиялық жобалар аумағында атқарылған бірқатар істерге тоқталды.
Жиынға төрағалық еткен Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев атқарылған іске оң баға бере отырып, саяси кенес бюросының мүшелері «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қойылған талаптары бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыру мақсатында барынша күш салу керектігін айтты.
«Бүгінге дейін атқарылған жұмысты жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, партия кураторларының жұмысын күшейту және мемлекеттік әлеуметтік жаңғырту талаптарын іске асырып, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу әлі де қажет. Соның ішінде жұмыспен қамту мәселесі күн тәртібінен түспеуі тиіс. Өйткені, жұмыспен қамту – ел дамуының басты тетігі» деді Нұрлыбек Жұмахметұлы. Сондай-ақ, биылғы атаулы даталарға орай бағытталған шараларға белсене үн қосып, мерзімінен тыс өтетін Президент сайлауына бір кісідей жұмылу керектігін де баса айтты.
Одан әрі күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағалығына Атырау қалалық мәслихатының депутаты Жайдарбек Зайдуллин сайланды. Партия филиалының саяси кеңесі бюросының 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.