Жарнама
Қоғам

Ізденген жанға жұмыс бар

  Жұмыссыз жүрген жастарды еңбекке қалай тартуға болады? Кәсіп ашып, өрісімді кеңейтемін деушілерге мемлекеттен қандай көмектер көрсетіледі? Егін және мал шаруашылығы бағытында нендей жеңілдіктер қарастырылған? – Осы сауалдарға орай Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Гүлнәр Құспанованы әңгімеге тартқан едік.

   Осы жылдың басынан бері орталыққа жұмыс іздеп 3075 адам хабарласты. Бұл ретте елімізде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бар. Осы бағдарлама бойынша инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытында жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Биыл облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онымен «Алатау-Альдан-Агро» мекемесі мен орталықта тіркелген 23 жұмыссыз айналысуда. Келесі бағыт – кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру. Жыл басынан бері жоғарыда аталған бағдарлама көмегімен тоғыз адам 23,7 млн. теңге көлемінде несие алды. Атап айтқанда, мал шаруашылығына – үш, егіншілікке – екі, монша құрылысына – екі, шаштараз салуға – бір және оқу орталығын ашуға бір адам жеңілдікпен ақша алды. Бұлардың бесеуі – жұмыссыз, төртеуі – жеке кәсіпкер.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button