Ізденген мұратына жетеді
Білікті кадрларды дайындап қана қоймай, әлеуметтік серіктестікті одан әрі жандандырып, түлектерімізді жұмысқа орналастыруды колледж басты назарда ұстап келеді.
Биылғы оқу жылында колледжде екі мәрте «Бүгінгі білімді жас – ертеңгі білікті маман» атты түлектерді жұмысқа бөлу, орналастыру шарасы өтті. Жәрмеңкеге Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, облыстық білім беру басқармалары, қалалық білім беру бөлімі, аудандық білім беру бөлімдері басшылары, қаладағы мектептер, балабақшалар, шетелдік компаниялар, оқу орталықтары, мәдениет, шығармашылық орталықтарының басшылары қатысып, біраз түлектің жұмысқа орналасуына мүмкіндік туды.
Атап айтқанда, Индер, Жылыой аудандарынан бастауыш орыс сыныбына сабақ беретін мамандарға сұраныс барын айтты. Бітірушілер жәрмеңке арқылы жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Біраз түлек қаладағы балабақшалардың орыс топтарына жұмысқа орналасты.
Жалпы биылғы оқу жылы қорытындысында 95 түлек жұмысқа орналасып, 30 түлектің алдағы уақытта жұмысқа орналасатыны анықталып отыр. Осы бағыттағы жұмысымызды ары қарай жалғастырып, әр ауданнан келіп, білім алған жастарымызға жұмыс тауып беруіне ықпал етуін сұрап облыстағы жеті аудан әкіміне тағы да хат жолдап отырмыз.
Қазір жұмыс берушілер де ма¬манның жеке тұлғалық қабілетіне мән береді. Сол себепті бүгінгі сту¬дент білім алумен қатар, белсенді өмірлік ұстанымы, өзіндік көзқа¬расы бар, адамдық құндылықтарды бағалайтын, мәдениетті, парасатты азамат болып қалыптасуы тиіс.
Қазір жастар үшін қажетті ақпарат та, дерек те, мәлімет те жеткілікті. Ин¬тер¬нет жүйесі бар. Сондықтан, студент жастарымыз, менің пай¬ы쬬дауымша, заман, уақыт тала¬бына ғана сай болып қоймай, өзін білікті маман ретінде бизнеске, мемле¬кеттік қызметке ұсына білуі қажет. Алдына қойған мақсат-жоспарлары болуы тиіс. «Маған не керек?» деумен қатар, «Отаным, елім үшін не іс¬теуім керек?» деген ойлар мазалауы тиіс. Білімді адам өз еліне көбірек пайда келтіреді.
Нұргүл МҰҚСИЕВА,
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
директорының өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары.