Исатай ескерткіші – Қобдада

Erlik ata shin Қоғам

2013 жылдан бері Исатай ауданы мен Ақтөбе облысының Қобда ауданы арасында өзара ынтымақтастық меморандумы жасалып, рухани байланыс нығайып келеді. Жақында аудан әкімі Марат Мұрзиев пен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев бастаған исатайлықтар делегациясы көрші өңірде өткен «Құт қонған Қобда» атты аудан күндеріне қатысты.

«Ерлік атақ үшін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған осынау тағылымды шара  Қобда ауданында халық батыры Исатай Тайманұлына орнатылған ескерткішпен ашылды.

Бұдан бөлек, Қобыланды батыр мен шығыстың қос шынарының бірі Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіштер де тұғырға қонды. Шараны қорытындылаған гала-концертте қобдалықтармен бірге, исатайлық «Аққайың» бишілер тобы, дәстүрлі әнші-термеші Манарбек Дәулетов, күйші-домбырашы Ербол Ахтанов, жас әнші Дана Мәжитова және басқалары өнерлерін ортаға салды.

Аяпберген МҰХАНБЕТОВ,

Исатай ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз