Жарнама
Қоғам

“Іргелі жобаларға қолдау қажет”

Арнайы экономикалық аймақтардың түйткілді мәселелерінің түйінін тарқатып, қордаланған проблемаларды талқылауға Атырауға ҚР Сенатының депутаттары келді. Бүгін облыстық әкімдікте Қаржы және бюджет жөніндегі комитет, ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Онда “Ұлттық мұнай-химия технопаркінің” шешімін күткен мәселелері сөз болды.
Жалпы, бұған дейін де айтылып жүргендей, еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың барлығына тән ортақ проблема бар: ол -инфрақұрылым. Яғни, бизнеске ақша салуға келген инвестор алдымен жол, электр, газ, сумен жабдықталуына аса мән береді. Сол себепті, ең алдымен инженерлік инфрақұрылымға баса назар аудару керек.

screenshot 23 2

-Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған 13 арнайы экономикалық аймақ бар. Онда 300-ден астам кәсіпорын жұмыс жасайды. 22 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Әр аймақ әртүрлі уақытта құрылған. Онда 5млрд800 млн. көлемінде өнім шығарылды. Біраз өнім өндірілді. Десек те, сол тауарды экспорттау, оның импорттық өнімдердің орнын алмастыруында әлі де түйткілді мәселелер бар. 7 пайыз ғана өнімды сыртқы нарыққа шығарамыз. Бұл өте төмен көрсеткіш. Сондықтан, біраз мәселелерді талқыладық, -дейді Қарды және бюджеи комитетінің төрағасы Серікбай Тұрымов.

screenshot 22 2

ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребековтың айтуынша,мұнайлы өлкедегі арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылым нысандары құрылысына 171,6 млрд.теңге бөлінген. Алайда, әлі де шешімін күткен мәселелер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым обьектілерін басқару жөніндегі бірыңғай оператор құру. Негізі, арнайы экономикалық аймақтың белсенділігін арттыру үшін заңнаманы да жетілдіру қажет.

Жиын барысында облыс әкімі Серік Шәпкенов маңызды жобаларға қолдау керектігін атап өтті.

-“Шығыссыз кіріс болмайды” деген қазақта сөз бар. Сол себепті, ірі жобаларға да көмектесу қажет. Мүмкін сараланған қолдау түрлерін енгізу керек шығар. Осының барлығы зерттеліп, зерделенуі тиіс,-деді ол.

Айбөпе Сабырова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button