Жарнама
Қоғам

ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЕН ҒАНА ҒҰМЫРЛЫ!

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытау төріндегі тарихи сұхбаты, Тәуелсіздік толғауы халқымыздың бүгінгі буыны мен келешек ұрпағына арнап айтылған шын мәніндегі ұлағат деп түсінген жөн. Мұны біздің оқырмандарымыз да өздерінің редакцияға күн сайын дерлік жолдаған жүрекжарды ой-пікірлері арқылы айқын дәлелдеді. Жылқы жылының соңында Қазақ елі өзінің алғашқы бесжылдығын табысты қорытындылады.

Тәуелсіздігіміздің бізге берген керемет табыстары – осы құндылықтарды баянды етудің бел ортасында сіз бен біз де бармыз, қадірлі оқырман! Өйткені, газет – қалың бұқараның мінбері. Газет қашанда оқырманымен ғана ғұмырлы. Осы аксиома үдесінен қарасақ, тағы да шүкірміз! Биыл дақалың оқырманымыз бізден іргесін ажыратпады, бізді қолдады, үмітін үкілеп, сенімін серік етіп, шынайы ықыластарын танытты. «Атырау» газетінің 2015 жылға таралымы – 21039 дана! Баспасөзге жазылу науқанында, әсіресе, Қызылқоға, Индер, Жылыой аудандары және Атырау қаласы жылдағыдай көш бастаса, өзге өңірлердегі оқырмандарымыз да сенімді ақтады.

Алдағы екінші бесжылдық белес бізді тың шығармашылық табыстарға құлшындыратыны сөзсіз. Лайым, Қой жылы елімізге жарқын жеңістерді еншілетіп, бізге соларды жарқырата паш етуге нәсіп етсін!..

 

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ,

Бас редактор.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button