Ғалым ғибраты
БІЗДІҢ БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҰРПАҒЫНЫҢ АМАНДЫҒЫ ҮШІН ҚАЙ ЗАМАНДА БОЛМАСЫН АР-НАМЫС ДЕГЕН АСҚАҚ ҰҒЫМДЫ ЖОҒАРЫ ҰСТАҒАНДЫҒЫН КЕЙІПКЕРІМІЗДІҢ АТАТЕГІНІҢ ТАҒДЫР ЖОЛЫНАН КӨРУГЕ-АҚ БОЛАР. ҚАНДАЙ МА СҰРАПЫЛ ЗАМАНДА АТАЛАРЫМЫЗ, АБЫЗ АНАЛАРЫМЫЗ ҰРПАҚ ҮШІН ШЫРЫЛДАП, АЛАПАТ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ КӨТЕРЕ БІЛГЕН. СОНДАЙ ТЕКТІДЕН ТУҒАН ТҰЛҒАНЫҢ БІРІ – С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ-НЫҢ ӨҢІРЛІК R&D ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, «Н.НАДИРОВ АТЫНДАҒЫ МҰНАЙ-ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР – АМАНЖАН САҒЫНАЕВ.
Тектіден текті туар
Төремұрат 1 9 2 0 ж ы л ы Жылыой ауданы, Айранкөл ауылында дүниеге келген. Əкесі Сағынай, Қосым, Жаңғабыл еліндегі ауқатты адамдардың бірі болған. Алайда, тəркілеуге ұшырап, бар малынан айырылып, Қызылқоға жерінде өмірден өтеді.
Елді жалмаған ашаршылықтан қашқан Төремұрат атамыздың шешесі Жəмила 1930 жылы аман қалған қара нарға арба жегіп, қызы мен ұлдары Айтжан мен Төремұратты ертіп, «Үйшік жақта балық бар көрінеді, өзен жағалағанның өзегі талмас» деген сеніммен елсіз жермен түнделетіп, күндіз ұйықтап, бір ай дегенде Тасқала ауылына табан тірейді. Иə, осы бір анамыздың атабаба аманаты деп ұрпағы үшін жасаған ерлік ісі саяси-қуғын сүргін жəне аштық құрбандарын еске алатын тың ескерткіштің бірегейі ретінде сұранып-ақ тұр. Арбаға жегілген қара нар, оны жетектеген аңыз ана жəне арбадағы қос бала мен қыз мүсіні бейнесі жас ұрпақтың санасында мəңгі қалар ма еді?! . . . Ж ə м и л а а н а м ы з е к і бүлдіршінімен алғашқыда ағайындардың жертөлесінде бір бұрышқа орналасады. Кейін өздеріне арнап жертөле с а л ы п а л а д ы . О н ж а с а р Төремұрат Кеңөзектен жəне
Теңіз жағасынан балық аулап, күнелтеді. Ол күнкөрістің қамымен «сауатсыздықты жою мектебіне» бармай, жасын 2 жылға төмендетіп, 13 жасында ғана мектеп табалдырығын аттайды. 1941 жылы 7 жылдық мектепті бітіріп, 1942 жылы қаңтарда қызыл əскер қатарына шақырту алады. Ұлы Отан соғысында 1942-1943 жылдары Батыс майданда 33 армия, 338 атқыштар дивизиясы, 1134 атқыштар полкінде алдымен қатардағы жауынгер – мерген, кейін сержант шенінде бөлімше командирі қызметін атқарып, бірнеше ұрыстарға қатысады. Ерлігімен көзге түсіп, «Ерлігі үшін» медалімен жəне «Қызыл жұлдыз» орденімен м а р а п а т т а л а д ы . А у ы р ж а р а л а н ы п , Н о в о с и б и р с к госпиталінде емделеді. 1944- 1946 жылдары «Максим» п у л е м е т і н і ң а т қ ы ш т а р ы н дайындау мектебінде нұсқаушы болады. Батыс майданның «Қызыл жұлдыз» газетіне 28 фашист өлтірген Төремұрат туралы мақала жарияланған. «Ол туралы сол кездегі «Алғабас» к о л х о з ы н ы ң б а с қ а р м а с ы Смағұл Қосыбаев ақсақал айтып отырушы еді» деп кейіпкеріміздің аузынан талай естідік. Ұлы Отан соғысы аяқталып, 1946 жылы елге аман-есен оралғаннан кейін Төремұрат бабамыз бейбіт еңбекке араласады. 1947-1949 жылдары Гурьев облыстық ауылшаруашылық т е х н и к у м ы н « в е т е р и н а р » мамандығы бойынша бітіреді. Сол кезден бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін колхоз, совхоздың мал шаруашылығының əртүрлі салаларында (мал дəрігері, ферма меңгерушісі, веттехник, т.б.) қызметтерін атқарады. Шаруашылықтағы еңбектері де елеусіз қалған емес, «Социалистік жарыстың озаты» төсбелгісімен, бірнеше мерекелік белгімен жəне мақтау қағаздарымен марапатталған. 1 9 4 7 ж ы л ы Қ а м а ш Шынтемірқызы анамызбен отау құрып, өмірге 10 ұрпақ əкеледі. Олардың өсіп-өнуіне, жақсы оқып, қалаған мамандықтарын и г е р у і н е б а р л ы қ ж а ғ д а й жасайды. Бүгінде Төремұрат пен Қамаштан тараған ұрпақтардың саны жетпістен асады. Өкінішке қарай, сұм ажал 1992 жылы Қамаш анамызды (Шұға) 65, 1994 жылы Төремұрат бабамызды 74 жасында бақи дүниеге алып кетті. Ел жадында абзал жандардың асыл бейнелері қалды.
Асқаралы асулар
Бүгінде сол əке мен ананың ерлігін ерекше ықыласпен еске алатын Аманжан Төремұратұлы да бедел биігіндегі азаматтың бірі. Ол ашаршылық жылдары əжесі табан тіреген Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Балықшы ауданы, Тасқала ауылында дүниеге келген. Гурьев педагогикалық институтында «Биология жəне қосымша химия» мамандығы бойынша білім алған соң, 1975 жылдан 1978 жылға дейін Гурьев қаласындағы Қаз КСР ҒА мұнай химиясы жəне табиғи тұздар институтының «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы» зертханасының инженері болып жұмыс істеді. Мəскеу қаласына барып, КСРО ҒА А.В.Топчиев атындағы мұнай-химиялық синтездер институтының аспиранты болды. 1983 жылы сол жерде «Мұнай химиясы жəне мұнай-химиялық синтездер» мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін ізденуші ретінде «Алкиладамантандар синтезі жəне оларды тотыға дегидрлеу» тақырыбын да диссертациясын қорғап, «химия ғылымдарының кандидаты» ғылыми дəрежесіне қол жеткізді. Ол еңбек жолында Гурьев қаласындағы Қаз КСР ҒА мұнай химиясы жəне табиғи тұздар институтының кіші ғылыми қызметкері болды. 1985-2004 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарып, педагогикалық жəне ғылымиз е р т т е у ж ұ м ы с т а р ы м е н айналысып, доцент ғылыми атағын иеленді. Ал, 2004 жылдан бүгінге дейін С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай жəне газ университетінде қызмет етеді. Аманжан Төремұратұлы «Мұнай химиясы» мамандығы бойынша химия ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін і з д е н у ш і р е т і н д е « А л к и л жəне алкениладамантандар, мұнайдан бөліп алу, синтез жəне қасиеттері» тақырыбында диссертация қорғады жəне о ғ а н 2 0 0 5 ж ы л ы « Х и м и я ғ ы л ы м д а р ы н ы ң д о к т о р ы » ғылыми дəрежесі, ал 2009 жылы профессор ғылыми атағы берілді. Ғалымның еңбектері мұнай көмірсутектерінің химиясы, мұнай-химиялық синтездер, гетероциклді қосылыстар, э к о л о г и я т а қ ы р ы б ы н а бағытталған. Ол сондай-ақ бірнеше монография, оқулық пен оқу құралдарының, авторлық к у ə л і к п е н п а т е н т т е р д і ң а в т о р ы . О н ы ң ж ү з д е г е н мақаласы импакт-факторы жоғары отандық жəне шетелдік журналдарда жарияланып, көпшіліктің көңілінен шықты. Аманжан Төремұратұлының ж е т е к ш і л і г і м е н х и м и я ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін ізденуші р е т і н д е е к і д и с с е р т а ц и я қорғалды. Жалпы, зертхана ғылыми жұмыстары мұнай жəне мұнай өнімдерінің физикалықхимиялық қасиеттерін, тас жолдарын салу үшін мұнаймен ластанған топырақты жəне мұнай қалдықтарын жəне кəдеге жарату, мұнай битумдарын, мұнай битуминозды жыныстарды жəне битум эмульсияларын гидрооқшаулағыш жəне жол жабындары ретінде зерттеуге жəне осы саланың басқа да негізгі бағыттарына арналған.
Еңбектің еленгені – бақыт Мұнай зерттеу ісіне еңбегі сіңген профессор бүгінде болашақ сала мамандарына « о р г а н и к а л ы қ з а т т а р д ы ң химиясы жəне физикасы», « о р г а н и к а л ы қ з а т т а р технологиясының теориялық негіздері», «органикалық химия», «негізгі органикалық жəне мұнай-химиялық синтез өндірісінің заманауи үрдістері», «мұнай жəне газды тереңдетіп өңдеудің ғылыми-техникалық м ə с е л е л е р і » , « х и м и я л ы қ өндірістегі катализ теориясы жəне каталитикалық процестер» пəндері бойынша дəріс оқиды. Ғылым жəне білім саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», педагогикалық қ ы з м е т т е г і т а б ы с т а р ы үшін Ы. Алтынсарин жəне «Қазақстан мұнайына 120 жыл» төсбелгілерімен марапатталды. Ол 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орнының үздік оқытушысы болып танылды. Ал, өткен жылы «Қазақстан Республикасының қ ұ р м е т т і а з а м а т ы » а т т ы байқаудың жеңімпазы атанып, төсбелгімен жəне І дəрежелі дипломмен марапатталды. Ағамыздың алар асулары əлі де алда екендігіне сенеміз. Өйткені, бүкіл өмірін ұстаздық пен ғылым жолына арнаған кейіпкеріміз қандай да болмасын мемлекеттік наградаға лайық.
Үлгілі отбасы, салиқалы ұрпақ Аманжан Төремұратұлы жұбайы Тамара Сағынқызы екеуі өмірге 1 ұл, 2 қыз əкеліп, өсіріп-өндірді. Тамара апамыз – ұзақ жылдар өнегелі ұстаз болған, жанұяның ұйытқысы. «Асыл болса алған жар – ханым емей немене, жайлы болса мінезі – жаның емей немене» деген халқымыздың осы бір мағыналы қағидасы апамыздың бүкіл бейнесін ашып береді. Осындай асыл адамдардан дүниеге келген ұрпақ өмірде өз орындарын табады жəне жетістіктерге де жетері сөзсіз. Оған осы мақала кейіпкерінің ұрпақтары куə, өйткені олар – бабалардан бата алған текті тұқымның мұрагерлері. Аманжан ағамыздың ұлы Нұржан NCOC компаниясының жетекші қаржы маманы, ал қыздары Ботакөз Лондондағы TCO филиалында жетекші маман – маркетолог, Айнұр ICE компаниясының қызметкері. Немересінің алды Дарын – Нидерланды еліндегі Гроненген университетінің «Халықаралық ж ə н е Е у р о п а з а ң г е р л і г і » мамандығының 4 курс студенті болса, қалған немерелері – зияткерлік мектептердің озат оқушылары. Осындай абырой биігіндегі Аманжан ағамыз бүгінде 70- ке жетіп, мерейлі жасқа аяқ б а с у д а . О л б а б а л а р ы н ы ң аманатын ақтап, ғылым жəне ұстаздық жолда табыстарға жетіп, үлгілі жанұя, отбасы тірегі, нағыз даналықтың шыңына жеткен абыз тұлға. «Даналыққа жету – өмір бойы шыңдалатын күрделі жұмыс» демекші, ағамыздың əлі де тұғырдан таймай, айтулы ж е т і с т і к т е р г е ж е т е р і н е сенеміз.
Болат НЫҒМЕТОВ,
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай жəне газ университеті КеАҚ-ның доценті, тарих ғылымдарының кандидаты