Жарнама
Қоғам

ГҮЛСИНА БАЙКЕНОВА, «ТАТУЛЫҚ» ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІМІЗ ӘЛІ АЛДА»

 

Партияның бұл жобасына Атырау облысынан «Жайықмұнайгаз» компаниясы директорының орынбасары Рүстем Әбшеев екеуміз қатысудамыз. Осы жерде әріптесім Рүстем Әбшеевтің Ассамблея институты қолға алған түрлі қайырымдылық жобаларға қашан да қаржылай қолдау білдіріп келе жатқандығын ерекше атап өткім келеді.

Өз тарапымнан екі әлеуметтік жобаны жүзеге асырудамын. Бүгінде «Шексіз таланттар» деп аталатын мүгедек жандардан тұратын би мектебі жұмыс істеуде. Онда табиғатымен ерекшеленетін алты адам өнер көрсетіп келеді. Облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүрген олар жақында тағы да үлкен сахнаға шықпақ. 6-7 желтоқсан аралығында көршілес Ресей мемлекетінің Астрахан қаласында халықаралық деңгейдегі конкурс өтеді. Сол сайысқа біздің «Шексіз таланттар» мектебінің бишілері ерекше қойылымдық нөмірлермен қатысатын болады.

Астрахан қаласы бұдан бөлек, «Біздің жұлдыздар» деп аталатын конкурс өткізуге дайындық жүргізуде. Ол конкурсқа да өзіміздің этномәдени бірлестік  атынан өнер көрсетіп жүрген «Татулық» хореографиялық ансамблі қатыспақ. Міне, осы қадамдардың барлығы «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында өтеді. 

Ағымдағы ақпараттар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button